18 Мамыр, 2010

“ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ” АРҚАУЫ – “БІРІНШІ”

639 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті саяси ғылымдар док­торы, профессор ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтің “Бірінші” кітабы жөнінде “дөңгелек үстел” ұйым­дас­тырды. Бұл кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағылымды өмір жолы мен қалт­қысыз қызметі жөнінде жазылған очерктер топтастырылған. “Дөңгелек үстелге” қатысу­шы­лар кітапқа желі болып тартылған материалдардың мазмұны терең, нақты әрі дәйекті екенін, сонымен бірге, шындықпен астасып жат­қа­нын атап өтті. Әсіресе, “Бірін­ші­ге” топтастырылған архивтік не­гіз­дегі материалдар мен құжаттар кітаптың құндылығын одан әрі көтере түскен. Кітап авторы М.Қа­сымбеков бірнеше жылдарға созылған бақылаулардың негізінде Нұрсұлтан Әбішұлының ұлттың көшбасшысы ретіндегі бітім-бол­мысын, азаматтық кескін-келбе­тін әрі адами ізгі қасиеттерін шебер аша білген. Сонымен бірге, бұл еңбекте Елбасының күнделіктері, отбасы­лық суреттері, танымал тұлға­лар­дың Мемлекет басшысы жөнін­дегі ой-пікірлері енгізілген. “Дөң­гелек үстелге” арнайы қатысқан Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ті­лекқабыл Имашев кітаптың студенттер үшін де пайдасы мол екеніне тоқталып, Елбасының жеке өмірі оларға әркез үлгі-өнеге бола алатынын атап өтті. Ал “Конфессиялық толерант­ты­лық идеясы” тақырыбында әңгіме қозғаған тарих ғылым­дары­ның кандидаты, доцент Ағи­ла Нұрға­лиева этностар арасын­дағы бірлік пен ынтымақты және дәстүрлі діни бағыттарды қалып­тас­тыруда Қазақстанның көшбас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарып келе жатқан еңбегі мен рөлі зор екенін жастар мен студенттердің жүректеріне жеткізе айтты. Темір ҚҰСАЙЫН, ОРАЛ.