Экономика • 27 Сәуір, 2022

Инфляция жоғары және тұрақсыз болып тұр – Ұлттық банк

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты инфляция айтарлықтай өскен. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инфляция жоғары және тұрақсыз болып тұр – Ұлттық банк

«Инфляция геосаяси жағдайға байланысты айтарлықтай өсті. Бүгінде әлемде және елімізде бағалардың өсуі және инфляциялық қысымның артқанын байқап отырмыз. Мұндай жағдайда инфляцияның жылдық өсуі 12%-ға дейін көтереледі. Себебі бағаның өсуі барлық салада байқалып отыр. Бастапқы кезде құбылмалылығы шамалы және тек орта мерзімді кезеңде ғана төмендейтін инфляцияның елеулі түрде өскенін байқаймыз. Мұны 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияға берілген әртүрлі бағалау айғақтайды. Қазір инфляцияға қатысты болжамдар жоғары және тұрақсыз болып отыр», деді Ғалымжан Пірматов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, базалық мөлшерлемені көтеру, инфляцияның өсу үрдісіне жол бермеу жолындағы қажетті шара.

«Биыл наурызда респонденттер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы халық сенімінің төмендеп, инфляциялық күтулердің біршама артқанын көрсетті. Инфляцияны сандық бағалау 2022 жылғы наурызда 11,4%-ды көрсетті. Осыған байланысты жүргізіліп отырған саясатқа және оның инфляция бойынша мәлімделген мақсатқа жету қабілетіне халықтың сенімін арттыру Ұлттық банктің басым міндеті болып қала береді. Бұл үшін ақша-кредит саясаты инфляцияны нысаналы бағдар деңгейіне дейін төмендетуге негізделуі керек», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025