Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі мен тиісті органдар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру үшін аянбай еңбек етуде. Ал дәрігерлік көмектің сапасын жақсарту, бәсекеге қабілетті денсаулық сақтауды қалыптастыру үшін медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау (аккредиттеу) жалғаса бермек. Бағдарламада медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негізінде, ал кейіннен халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады деп нақтыланған.
Енді, осы мәселеге тоқталып өтейік. Аккредиттеу дегеніміз не? Одан емделушілерге келер пайда қандай? «Аккредиттеу» сөзі – латын тілінен аударғанда «сенім білдіремін» деген мағынаны білдіреді. Ол медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы дамуы негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін қолданылады. Аккредиттеу – еріктілік, тәуелсіздік, әділдік, жариялылық және айқындық қағидаттарына негізделген, әрі бәсекеге қабілетті денсаулық сақтауды қалыптастыру, медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін жүргізіледі. Сондықтан аккредиттеуден өтуге ниеттенген медициналық ұйымдар жан-жақты бағалаудан өтуі тиіс. Ол кезде жалпы басқару, дәрілік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, науқастың қауіпсіздігі, қаржыны басқару, еңбек шараларының жүргізілу барысы, ішкі аудит, ресурстарды басқару, еңбек гигиенасы және т.б. параметрлерге жіті назар аударылады. Бұл медициналық қызмет сапасын арттыруға, техникаларды заман талабына сәйкестендіруге, медицина саласын жетілдіруге септігін тигізеді. Осындай бағалаудан өткеннен кейін ғана аурухана қойылатын талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па деп нық айтуға болады.
Сайып келгенде, әрине сыртқы кешенді бағалаудан өткен медициналық ұйымдарға өз денсаулығымызды сеніп тапсыруымызға болады. Дүниежүзілік тәжірибеде аккредиттеу стандарттары бойынша бағалаудан өткен және «ISQua денсаулық сақтаудағы сапа бойынша Халықаралық қауымдастықпен» танылған медициналық мекемелерге халық ерекше сенім артады. Сондықтан, егер сіз медициналық көмек алу үшін қай емханаға баратыныңызды білмесеңіз, сапа стандарттарына сай келетін клиникаға жүгінгеніңіз жөн. Ол тізімді сіз Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының ресми сайтынан ала аласыз. Яғни, аккредиттелген клиникаларда емделушілердің құқықтары сақталады, медициналық көмек тиісті деңгейде көрсетіледі деп нақты айтуға болады. Деніңіз сау болсын!
Расул ҚАСЫМБЕКОВ,
«Республикалық денсаулық сақтауды
дамыту орталығы» РМК Аккредиттеу
орталығының бас маманы.

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38