Солтүстік Қазақстан облысында кене шағу өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,8 есе артқан. Күн жылынғалы 260 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кене шаққан алғашқы адам наурыз айында емханаға қаралған. Осы күнге дейін жәндіктен 260 адам зардап шексе, соның 82-сі – 14 жасқа дейінгі бала.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кене шағу көрсеткіші 1,8 есе өскен. Тек соңғы аптада 86 адамға, соның ішінде 24 балаға дәрігердің көмегі қажет болды.
«Былтыр кене энцефалиті 9 адамнан анықталса, биыл бұл ауру тіркелген жоқ. Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесінің басым бөлігін зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Оны иксодтік кенелер таратады. Қорғану үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханада вакцина қойдыруға болады, бірақ екпе алмас бұрын дәрігерге көрінген жөн», дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.
Маманның айтуынша, табиғат аясына шыққанда сақтық шараларын ұмытпаған жөн.
«Әдетте кене адамға шөптен немесе бұтадан жабысады. Олар 1,5 метрден жоғары көтерілмейді, сондықтан адамның аяғына жабысып, соруға ыңғайлы орын іздеп жоғары қарай өрмелейді. Кене адамды бірден шақпайды, денеден көзге түсе қоймайтын орын іздейді. Сондықтан орманнан немесе даладан келгеннен кейін денені дұрыстап тексерген жөн. Сондай-ақ табиғат аясына шығар алдында арнайы крем-гельдерді, аэрозольдерді қолдануға кеңес беремін», дейді Айнаш Сағандықова.
Кене шағып алған жағдайда медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға бару қажет.
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар