Референдум • 19 Мамыр, 2022

Табысты болашаққа сенім мол

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай, Гүлнар Бижанова, Юрий Жулин, Арман Қожахметов және Тілектес Адамбеков Қарағанды облысындағы Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетке барып, оқытушылар құрамымен кездесті.

Табысты болашаққа сенім мол

Кездесуде депутаттар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум­ның маңызы мен мақсаты туралы айтты.

«Реформа халықтың елді басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және тұтас­тай алғанда азаматтардың конс­титу­­циялық құқықтарын қорғауды күшей­туге мүмкіндік береді», деді Юрий Жулин.

Өз кезегінде Гүлнар Бижанова ре­фе­­ре­н­думның маңызды саяси оқиға еке­­нін айтып, әрбір қазақстандық өз жауап­кершілігін көрсете отырып, туған елінің табысты болашағын құруға өзінің қатыстылығын сезінуге тиіс екеніне назар аударды. «Президент ұсынған жобалар ел экономикасының өркендеуіне, қоғамның мемлекетті басқару ісіне ықпалын күшей­туге серпін береді», деді депутат.

Ал профессор Нұрсахан Ахметова рефе­рен­думға қолдау көрсетіп, ризашы­лы­ғын білдірді. «Ата Заңға енгізілетін тү­зетулер қатарында жерді, оның қой­науын, суды, өсімдіктер мен жануар­лар дү­­ниесін, басқа да табиғи ресурс­тар­­ды халық меншігі деп жариялау қарас­­ты­рылған. Менің көкейіме қонған осы өзгерістерді заңмен бекіту үшін ре­ферен­думға барамын. Өйткені бұл біздің дауысымызбен, шешімімізбен жүзеге асырылады. Мен осыған сенемін», деді.

Сонымен қатар іс-шарада ұжым мүше­лері депутаттарға зейнет жасын төмен­дету мүмкіндігі туралы ұсыныс­тарын және басқа да бірқатар мәселені жеткізді.