Былтыр Павлодар облысында 9 балдырған терезеден құлап, екеуі жан тапсырған. Жалпы, соңғы бес жылда өңірде 50-ге жуық оқыс оқиға тіркеліп, жиырма шақты сәбидің өмірі үзілді. Көңіл көншітерлік көрсеткіш емес, әрине.

Бұл мәселені жаза бастағанымыз сол еді, 15 мамыр күні облыс орталығында тағы бір жазатайым оқиға орын алды. Бір жарым жастағы қыз бала тоғызыншы қабаттан құлап, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Сәбидің періштесі қағып, дүкеннің күнқағарына түскен екен. Соның өзінде жағдайы тым ауыр. Балаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған. Ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Енді аман-есен қатарға қосылсын!
Өкініштісі сол, ата-аналардың көбі балалардың қауіпсіздігіне салғырт қарауда. Дүкенге 5 минутқа шығу былай тұрсын, кішкентай сәбилерді жалғыз қалдырып, базар жағалап кететіндерін қайтерсің? Бір минут жалғыздықтың өзі қауіпті. Бір сәт – бір тағдыр. Кейде осы бұрынғы ағаш терезелер дұрыс па деп ойлайсың. Оны ойлайтын ата-ана бар ма? Жұрттан ұят болады, заманнан қалмайық деп қарызға батса да пластикалық терезелерді орнатуға асық. Ол да дұрыс шығар. Бастысы – балалардың қауіпсіздігін ұмытпайықшы!
Иә, ата-аналар сақ болсын. «Әкімдік қайда қарап отыр?», деудің реті бұл жер емес. Құзырлы органдардың қолынан түсіндіру, ескерту жұмыстары ғана келеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Шәкір Ахметовтің мәліметінше, терезеден құлауға «бейім» балалардың жасы 1,5-10 жас аралығында екен. Ес біледі деген оймен 10 жастағы баланы да жалғыз қалдырмау керек екенін түсінген боларсыз.
– Ашық терезе бала үшін қауіпті екенін естен шығармаңыз. Егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық қалдырмаңыз. Сіз баланың жанында тұрғандай болсаңыз да, бір секундқа көңіліңіз ауып кетсе, сол секунд баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін. Ешқашан шыбын-шіркейге қарсы торларды қорған ретінде пайдаланбаңыз. Балалар оған сүйеніп, әлсіз тұрған тормен бірге құлап кетеді. Баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге кедергі орнатыңыз. Бала терезеге көтерілмеуі үшін жиһазды терезе жанына орналастырмаңыз. Барынша сақ болыңыз, ата-ана! – дейді Шәкір Ахметов.
Облыстық білім басқармасына хабарласқанымызда ондағылар өңірде «Қауіпсіз терезе» акциясы басталғанын айтты.
– Акция шеңберінде көпбалалы отбасылардың пәтерлерінің терезесіне бекіткіштер мен торларды орнату қайырымды жандардың қаражаты есебінен қойылады. Оқу орындарында ата-аналар жиналыстары, қорғаныс торларын, бекіткіштерді, шектегіштерді орнатумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылуда. Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу шаралары бойынша тиісті нұсқаулық өткізілуде, – дейді басқарманың бөлім басшысы Гүлмира Байғазинова.
Бұған дейін мектепке дейінгі және бастауыш сыныпқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған, екінші қабаттан жоғары тұратын, терезелерге бекіткіштерді орнатпаған отбасылардың тізімі анықталған. Былтыр аталған акция шеңберінде әлеуметтік әлсіз топтағы 70 отбасыға көмек көрсетіліп, үй терезелері қорғаныс қондырғылармен мықтап бекітіліпті. Жалпы, облыста 381 мектепке дейінгі мекемеде 1-6 жас аралығындағы 37 490 бала тәрбиеленуде.
Облыстық полиция басқармасы да қол қусырып отырмағандарын айтады. Ювеналды полиция тобының аға инспекторы Бибігүл Қамзина балаларды қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылатынын еске салады.
– Қылмыстық кодексте тиісті шара қарастырылған. Ата-аналар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Профилактикалық іс-шараларды төтенше жағдайлар департаментінің, білім беру саласының өкілдері де қолға алуда. Түсіндіру жұмыстары онлайн режімде де өткізілуде. Мамандар ата-аналардың әлеуметтік желілердегі чаттарына шығып, қарапайым ережелерді түсіндіруде, – дейді Б.Қамзина.
Баланың қауіпсіздігі акциямен реттелмесе керек. Әншейінде «Қазақ еліне +1» бала деп есіміз шығып жатады ғой. Сәбидің дүниеге келгенін асыға күтіп, кейін жауапкершілікті ұмытып жататынымыз өкінішті-ақ. Балаға зар болған отбасыларға Алла берем десе «терезеден береді», деп білгішсіне сөйлейміз, ал енді сол баланың ғұмыры терезе арқылы үзілуіне жол бермейік!
Павлодар облысы
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар