Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ұжымы заң ғылымдарының докторы, Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Сергей Жалыбинмен кездесіп, 5 маусымда өтетін республикалық референдумның жай-жапсарын талқылады.

Білікті заңгер қолданыстағы Ата Заңның қалыптасу, даму тарихын тарқата баяндай келіп, агроөнеркәсіп саласының мамандарына алдағы референдумға түрткі болып отырған саяси реформалардың мән-маңызына тоқталды.
«Бұл жолғы Конституцияға енгізілетін өзгерістерге биылғы қаңтар оқиғасының ықпалы болғанын айтпай кетуге болмайды. Тікелей ықпал етті деуге келе қоймас, дегенмен бұл қанды оқиғадан кейін біраз мәселенің беті ашылып, қоғамда тұрақтылықтың орнына тоқыраудың орын алғаны, оған халықтың төзе бермейтіні белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық пен биліктің арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына, толыққанды демократиялық қоғамның қалыптасуына кепілдік бола алатын конституциялық өзгерістер керек деген бастама көтерді», деді Сергей Жалыбин.
Жиында экс-сенатор жиналғандарға Конституция баптарына енетін он өзгерістің де оң өзгеріс екенін түсіндіріп берді. Мәселен, бұған дейін Ата Заңның қолданыстағы редакциясындағы 6-баптың 3-тармағында «Жер және жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» делініп келсе, енді бұл тармаққа аталған игіліктер халыққа тиесілі деген өзгеріс енбек. Мемлекет бұдан былай халық атынан меншік құқығын жүзеге асырушы ғана болады.
Сондай-ақ алдағы референдумда бұған дейін Ата Заңда қарастырылмаған мүлдем жаңа нормалар халық талқысына ұсынылады. Мысалы, 72-баптың құқықтық мүмкіндігі кеңейтіліп бұрын-соңды болмаған «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл» деген жаңа ұғым енеді. Бұл уәкіл адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келген жағдайда оны қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қазір де бар. Бірақ өкінішке қарай, оның жұмыс нәтижесін көре алмай отырмыз. Ал ұсынылып отырған конституциялық өзгеріс жаңа уәкілге толыққанды дербестік беруді көздейді, яғни уәкіл өркениет дамыған елдердегідей биліктің ешбір тармағына тәуелді болмайды. Бұл еліміздің адам құқығын қорғау саласын жетілдіру жолындағы жаңа белес екені сөзсіз», деді заңгер.
Кездесу барысында Сергей Михайлович көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп отырды. Жиын соңында агроөнеркәсіп саласының мамандары заңгерге ризашылықтарын білдіріп, ел тарихындағы маңызды науқанға бір кісідей атсалысатындарын айтты.
Қостанай облысы
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар