Жақында Үкіметтегі жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов еліміздегі жол саласы бойынша білікті кадрлар даярлау, жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологияларды қолдану мәселесін көтеріп, бұл міндетті жолдарды салу мерзімі мен сапасына тікелей әсер ететін фактор ретінде атап өтті.

Әсіресе өңірдегі проблемалық мәселелерді айтқан Үкімет басшысы тиісті ведомстволар мен облыс әкімдіктеріне жоспарланған жобаларды уақытында пайдалануға беруді және бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуді тапсырды. Осы орайда Алматы облысында қандай жұмыстар істеліп жатқанына аз-кем тоқталып өтсек. Биыл Жетісудағы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 59 млрд теңге қаржы бөлінген екен. Бүгінде аймақтағы 150 елді мекеннің көшелерін және ұзындығы 500 шақырым болатын облыстық жолдарды жөндеу басталған. Болжам бойынша, жыл соңына қарай жағдайы жақсаратын ішкі жолдардың үлесі 91 пайызға жетуге тиіс. Өңірдегі жолдардың сапасын арттыру жұмысы «Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Бұл бойынша 2025 жылға дейін 1 700 шақырым жолды жөндеудің барлық түрімен қамту жоспарланған. Қазір Алматы қаласынан көліктің шығуын жеңілдете түсу мақсатында жоғарғы Қаскелең трассасы мен Талғар тракты жолдарын бірінші санатқа дейін жеткізіп, қайта жаңарту көзделіп отыр. Бұл мақсатта Үлкен Алматы айналма жолына шығатын алты ішкі жол салынады. Жобаға сәйкес мегаполистің Саин, Абай, Рысқұлов көшелері мен Солтүстік айналма жолы көшесінен қосымша жол салу жұмыстары басталды. Осы жылы 8,5 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.
Аймақта республикалық маңызы бар жолдың проблемасы толық шешіліп қойды деуге болмайды. Мәселен, қазір құрылысы жүріп жатқан «Сарыөзек – Көктал» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары қаржы жетіспеушілігіне байланысты тоқтап қалуы мүмкін. Яғни жол құрылысы орта жолда қалады деген күдік басым.
– 2021 жылдан бастап «Сарыөзек – Көктал» автомобиль жолының Алтын-Емел асуына күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жол облыс орталығын Кербұлақ, Панфилов аудандары арқылы «Қорғас» шекара маңы аймағымен байланыстырады. Жол төсемі 90 пайызға дейін бұзылған. Жобаның жалпы құны – 7 млрд теңге, оның ішінде биыл 1 млрд теңге ғана бөлінді. Бір айдың ішінде қаржы бітетін түрі бар. Жолдың транзиттік әлеуетін ескере отырып, осы жылы қаржыландыру сомасын 5 млрд теңгеге ұлғайтуды Үкіметтен сұрап отырмыз. Бұл жоба аяқталса облыс тұрғындарының жол жүруін оң бағытта қамтамасыз етеді, – деді Қанат Бозымбаев.
Айтпақшы, 2017 жылдан бастап ұзындығы 313 шақырым болатын «Талдықорған – Үшарал» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмысы жүргізілуде. Бүгінге дейін бұл бағыттағы 280 шақырым жолға, яғни 89 пайызға асфальтбетон жабыны төселген. Алайда құрылыс маусымы басталғанына қарамастан, жолдың қалған 33 шақырымында жұмыстар әлі жүргізілмей отыр.
– Бұл жол облыстағы бес ірі елді мекен арқылы өтеді. Мен Ақсу, Сарқан және Алакөл ауданы халқымен кездесулер кезінде осы жолдың барлық учаскесін аралап шықтым. Кездесу барысында тұрғындар жолдың құрылысы созылып кеткенін, соның кесірінен қарым-қатынастың қиындап отырғанын көтерді. Бұдан аудандардағы шағын және орта бизнес те зардап шегіп отырғаны айтылды. Яғни айналма жолдардың жағдайы нашар, қыста қары тазаланбаған, шұңқыры көп. Жолдың қалған учаскесін қайта жаңартуды дереу бастау қажет, – дейді Қ.Бозымбаев.
Алматы облысы
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар