Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы аналитикалық орталығы қаржы нарығы кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалдамасының қорытындысын жариялады. Сауалдама аясында монетарлық саясат қатаңдауы қажет пе деген сауалға да жауап айтылды.

«Мұнайдың жоғары бағасы, ұлттық валюта курсын тұрақтандыруға арналған қадағалау шаралары фонында, сондай-ақ алда келе жатқан (20-25 мамыр) салық кезеңі қарсаңында сарапшылардың ұлттық валюта курсына байланысты күтулері біршама жақсарды. Сауалдама қатысушылары биылғы маусым айының басында теңге-доллар курсы 448,3 теңгені құрайды деп болжайды. Ал бір ай бұрын 472,9 теңге деп күтілген. Төл валюта курсына қатысты бір жылдан кейінгі күтілім негативті – 484,0 теңге (+8,7 пайыз) межесінде деп болжанады. Әлі де болса сақталып отырған геосаяси қысым, әлемдік нарықтағы құбылмалылық, дамыған елдердің ақша-несие саясатын қатаңдатуы аясында инвесторлардың дамушы елдердегі активтерден кете бастауы алдағы 12 айда теңгеге қысым көрсетуі мүмкін», дейді сарапшылар.
Аналитиктер бір жылдан соң да мұнай бағасы қазіргі деңгейінде – барреліне 104,4 доллар болады деп болжайды. Ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігінің орнықсыздығы, нарықтағы құбылмалылық қара алтын бағасын жоғары күйінде ұстап тұрмақ. Елдегі инфляциялық қысымның күшеюі аясында (сәуірде 13,2 пайыз) және әлемдік экономикадағы проинфляциялық қысым жағдайында инфляция бойынша орташа бағалау 11,7 пайыз деңгейінде (бір жыл бұрын 9,4 пайыз болған) тоқтайды.
«Кезекті рет базалық ставканы 14,0 пайызға дейін көтергеннен кейін көптеген сарапшы (69 пайызы) ақша-несие саясаты қазіргідей сақталады деп есептейді. Бұл ретте сарапшылардың 25 пайызы базалық ставка 14,5-15 пайызға дейін жоғарылайды деп күтеді», делінеді сараптамада.
Сарапшылардың Қазақстан ІЖӨ-нің өсімі бойынша күтулері 3,0 пайызға дейін төмендеген. Жаһандағы логистикалық тізбектердің әлі қалыпқа келмей тұрғандығы, сонымен қатар әлемдік экономиканың баяулауы біздің де ішкі жалпы өніміміздің төмендеуіне әсерін тигізбек.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар