Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерге су шаруашылығы саласын дұрыстап цифландыру мен автоматтандыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министрдің айтуынша, қазір су шаруашылығы нысандарын цифрландыру мен автоматтандырудың жол картасы да бар. Бірақ, шенеуніктер мен осы саладағы мамамандардың салғырттығынан егістіктерге тартылатын судың 40-ы далаға кетіп жатқан көрінеді.
«Ауыл шаруашылығына арналған судың небәрі 60 пайызы ғана егіс алқаптарына дейін жетеді. Қалған бөлігі инфрақұрылымның нашарлығынан далаға кетеді», деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, суды үнемдемесе, Қазақстанның оңтүстік өңірлері көп ұзамай су тапшылығына тап болады.
«Қазақстандағы 8 су шаруашылығы бассейнінің 7-еуі бастауын трансшекаралық өзендерден алады. Яғни, өзен суларының тең жартысына жуығы сырттан келеді. Сарапшылар 2040 жылға қарай Қазақстанда суды тұтыну көлемі 56 пайызға дейін өседі деп болжап отыр. Су тапшылығы жылына 12 текше шақырымға дейін жетуі ықтимал. Оның үстіне біз Қазақстандағы өзендердің тартылып бара жатқанын көріп отырмыз. Бұл алдағы уақытта еліміздің оңтүстік өңірлері су тапшылығының зардабын тартады дегенді білдіреді», деді ол Үкімет отырысында.
Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл мәселені шешу үшін шаруаларды ынталандыру бағдарламасы бар екенін алға тартты.
«Суармалы егіншілікті дамыту суарудың су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Мәселен шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында заманауи суару жүйесін сатып алуға және қажетті бүкіл инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың 50% өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау бар. Бұл мақсаттар үшін облыстардың өтінімдері бойынша биыл 268 жобаны іске асырылады, оған 16,6 млрд теңге көзделген», деді Қарашөкеев.
Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:52
Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Бокс • Бүгін, 12:39
Президент мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 12:30
Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалдық кездесуін өткізеді
Теннис • Бүгін, 12:12
Президент: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет
Президент • Бүгін, 12:04
Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды
Аймақтар • Бүгін, 11:59
Қызылордада 20 жастағы қыз аса ірі синтетикалық есірткімен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:33
Еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Қоғам • Бүгін, 11:25
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Қазақстан • Бүгін, 11:16
Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Қаржы • Бүгін, 10:59
Маймыл шешегі балаларға жұға бастады
Әлем • Бүгін, 10:47
Оқиға • Бүгін, 10:37
Қаржы министрінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:24
Қазақстанда 1734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:18
Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:55
Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады
ANTIKOR • Бүгін, 09:45
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
Парламент • Бүгін, 09:31
Елордада жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
Елорда • Бүгін, 09:23
Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 09:10
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:00
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар