Біз алғашқы қазақ романдарының бірі деп атап жүрген Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, әлі де оқылып келеді. Бұндағы мәселе оның көтерген тақырыбы мен шындығында.

Романның сюжеті, құрлысы да бұрын-соңды болмаған жаңаша қалыпта екенін айта кеткен жөн. Оған дейін мұндай үлгідегі кесек прозалық шығарма жазылмағандықтан, жазушы негізінен бұл романда өз ойын, көкейде жүрген сауалын, елінің тыныс-тіршілігін ақ қағаз бетіне түсіріп, оқырманға ұсынғаны шындық. Қолынан қаламы түспеген қарапайым мұғалімнің осындай мәңгілік шығарманы жазып қалдыруы оның өз атын шығаруға емес, еліме пайдасы тисін деген ниеттің көрінісі болмақ.
Спандияр Көбеев бұл романы туралы өз жазбасында: «Надандыққа, феодалдыққа ескішіл, өрескел сорақы салтқа қарсы күрес жүргізудің бірден-бір жолы халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәдениет сатысына аяқ бастыру деп ұғушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін тек бір ғана балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне әбден көзім жетті. Бұл күресте санаға күштірек әсер ететін басқа да құралдар керек сияқты көрінеді. Іздене келе, мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралының бірі – көркем әдебиет екен деген ой түйдім. Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап «Қалың мал» романын жазуға кірістім» деп жазады. Автор осы шығармасында әр кейіпкерге әртүрлі мінездеме беріп, қоғам шындығын, онда өмір сүретін адамдардың кейпін қаз-қалпында беріп отырады.
Романның негізгі кейіпкерлерінің бірі Ғайша 14 жасар әдепті қыз. Ақылына сай, көркі, білімі бар. Дүниеқор әкесі оны қалыңмалға сатуға бел байлайды, бірақ ол сүймеген адамына бармауға бекініп, болашағы үшін күреседі.
Жазушы осы шығармасында Итбайды сараң, байлыққа, ақшаға құмар адам ретінде суреттейді. Үйіне келе жатқан қонақтарды көріп: «Бұлар Тұрлығұл байға біздің Ғайшажанды айттыра келген шығар, қазыны бұзбай сал», деп озбырланады әйеліне.
Ал осы романдағы Тұрлығұл бейнесі толық ашылған деп айтуға толық негіз бар. Ол мейірімділік, ізгілік, махаббат дегеннен жұрдай, ашкөз бай. Ақиқатқа емес, өрісіндегі малына ғана сенеді. Сол үшін де ол он төрт жасар қызды өзіне айттырмақ. Сол үшін де ол сөз арасында: «Маған бермегенмен, малға береді ғой», – деп кіжінеді. Мейлі қай жазушы жазса да, қай шығармада кездессе де, тойымсыз байлардың кейіптері дәл осындай ғана. Бұл тұрғыдан Спандияр Көбеев Тұрлығұл арқылы тоғышар байлардың не ойлайтынын, іс-әрекетінің қандай екенін айпарадай ашып береді. Сол үшін автор оның бейнесін: «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам» деп суреттейді.
Бұл роман соңы әйбат біткен ертегідей болып аяқталады. Себебі Қожаш пен Ғайша қосылады, армандары орындалады. Жазушы осы арқылы «енді бізге жарық таң атар, күн сәулесін төгер, ел түзелер» деген ізгі ойын айтқысы келгені мұнда тұр.
Академик Рымғали Нұрғалиұлы бұл шығарма туралы: Романда түрлі әлеуметтік топ психологиясы жақсы бейнеленеді. Роман басында Байғазы мен Құрымбай билер өз пайдалары үшін Есмұраттың келінін саудалап жатса, 60-тағы Тұрлығұл мал беріп өзінің қызындай Ғайшаны алмақ болады. 60-тағы Тұрлығұл мен Ғайшаның арасындағы жас алшақтығы олар үшін мүлде үйреншікті нәрсе, сондықтан да оны ойлап отырған ешкім жоқ, оларды ойландыратын басқа нәрсе. «Сіз ұнатпай ма деп Итбайға ештеңе демей кеттік», – дейді, Байғазы мен Құрымбай демек, Ғайшаны Тұрлығұл ұната ма, жоқ па? Мәселе сонда. Арадағы жас алшақтығын Тұрлығұл да ойлап отырған жоқ. «Маған бермесе де, малға береді» – деп, Ғайшаны малға алатынын біліп отыр» деген көзқарасын айтады. Шыны керек, «Қалың мал» романы көп зерттелген жоқ. «Қалың мал» жазылған соң әрине қазақ қоғамындағы әйел теңдігі сап тиыла қойған жоқ. Бірақ бұл шығарма аз болса да ойға қозғаушы бола алды.
Осы романды оқыған соң оқырманда «Бұл өмірде болған оқиға ма?» деген жалғыз сұрақ туындайды. Бұл жөнінде жазушы: «Романдағы қаһармандардың тап өздері (прототиптері) бар ма деген сұраққа келетін болсақ, оларды болған деп те, болмаған деп те айтуға болады. Болды деуге бір себеп – осы романның желілі оқиғасын (сюжетін) маған Тышаң деген ақын айтып берген. Бірақ бұған қарап романдағы әрбір қаһарманның тап өзі (прототипі) болған екен немесе романның сюжеті белгілі бір оқиғаға негізделген деп түсінбеу керек» деп жазады.
Алғаш рет көлемді шығарма жазуда түрен салған жазушы еңбегін ескеріп, оның осы романындағы қоғамдық, әлеуметтік сипат алатын ойларға, көзқарастарға бүгінгі күннің көзімен де қараған жөн секілді. Кейде бізге ескі романдардағы жаңа көзқарастар жол сілтей алады.
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Ұқсас жаңалықтар