Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі отыз жылдық билігін тоқтатты делінетін конституциялық түзетулерді мақұлдады. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаушылардың 77,17 пайызы реформаны қолдаса, 18,66 пайызы қарсы дауыс бергенін айтты. Әбдіровтің айтуынша, жексенбі күні өткен референдумға сайлаушылардың 68 пайыздан астамы қатысқан, яғни сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берген. Ережелер плебисциттің жарамды деп танылуы үшін оған тіркелген сайлаушылардың кем дегенде жартысы қатысуы керек деп белгіледі. «Референдум өтті деп санауға болады», деді Әбдіров.
Референдумда ұсынылған өзгерістер заң шығарушыларға өкілеттік беріп, қазіргі «суперпрезиденттік» жүйені жояды. Реформа Н.Назарбаевты бірқатар артықшылықтан да айырады. Ел Президенті Қ.Тоқаев референдум «Екінші Республиканың негізін қалауға» бағытталғанын айтқан болатын.
Н.Назарбаевтың «Елбасы» немесе «Ұлт әкесі» атағынан айырылып қалу қаупі бар. Бұрынғы кеңестік мемлекетті отыз жылға жуық басқарған 81 жастағы қария 2019 жылы биліктен кеткеннен кейін де елдің саяси ықпалын нығайтуға көмектесіп, бұл титулды сақтап қалды. Мұнайға бай елдегі тағы бір даулы мәселе – реформалар президент туыстарының мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне де тыйым салады. Олар сондай-ақ ел парламентінің рөлін айтарлықтай күшейтеді, Конституциялық сотты қалпына келтіреді, өлім жазасын алып тастайды.