22 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №420

463 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

2013 жылғы 16 қазан  Астана қаласы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр          А.СӘРІНЖІПОВ.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 420 бұйрығымен бекітілген

Жоғары және жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік қағидалары

Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –«Білім туралы» Заң) сәйкес меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында,университеттерде, академияларда беріледі.

2. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық жоғары оқу орындары қызметінің тәртібі

Параграф 1. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық жоғары оқу орындары басқару

3. Ұлттық зерттеу университеттерде, зерттеу университеттерде және ұлттық жоғары оқу орындарында басқару Жоғары және жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік қағидалары туралы 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысынасәйкес жүзеге асырылады. 4. ҰЗУ және ЗУ күндізгі оқу нысаны бойынша дербес әзірлеген оқу бағдарламаларын іске асыра алады, білім алушылар контингенті кемінде 5000 адам сәйкестік болған жағдайда. 5. ҰЖОО кәсіптік оқу бағдарламаларын 3000 адамнан аз емес сәйкесті білім алушылар контингенті болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. ҰЗУ, ЗУ және ҰЖОО-да білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір оқытушыға шаққанда мамандықтарға орай келесі нормативтерге сәйкес келуі тиіс: өнер және мәдениет – 3,5:1; музыка және ән салу – 6:1; шетел филологиясы және аударма ісі – 7:1; бейнелеу өнері және сызу – 7:1. басқа барлық мамандықтар бойынша: күндізгі оқыту нысаны үшін – 8:1; кешкі нысан үшін – 16:1; сыртқы нысан үшін – 32:1; магистратурада – 4:1; докторантурада –3:1. 6. Академиялық ағымның және топтың толымдылығынбілім беру ұйымы өзі анықтайды.

Параграф 2. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық жоғары оқу орындарыныңоқу-тәрбие қызметі

7. ҰЗУ, ЗУ және ҰЖОО-ға білім алушыларды қабылдау 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 8. ҰЗ, ЗУ, ҰЖОО жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Кадрлар дайындау күндізгі (4-5 жыл бакалавриатта, 1-2 жыл магистратурада, 3 жыл докторантурада), оқыту нысандары бойынша жүзеге асырылады. 9. Білім берудің құрамында міндетті түрде ғылымның және ғылымды қажет ететін технологиялардың өзекті проблемарына сәйкес білім беру бағдарламалары, сондай-ақ инновациялық түрдегі білім беру бағдарламалары қарастырылуы тиіс. 10. Ұлттық зерттеу университеті мамандықтың үлгілік оқу жоспарына сәйкес конкурстық негізде білім беру бағдарламаларын жасайды. 11. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың оқу жұмыс жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамының орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. 12. Дәріс сабақтарын өткізуге, студенттердің диплом жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік атқаруға профессор, қауымдастырылған профессор, (доцент), аға оқытушы лауазымдарын иеленген оқытушылар жіберіледі. Диссертацияға жетекшілік атқаруға ғылыми дәрежелері және/немесе ғылыми атақтары бар оқытушылар жіберіледі. 13. Ұлттық зерттеу университеті, Зерттеу университеттерінің және Ұлттық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысы: 1) академиялық күнтізбе, оқу жұмысжоспарлары мен бағдарламалар әзірлеуді, элективтік пәндер каталогын, силлабустар,пәндер мен мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуді; 2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау және курс жұмыстары бойынша құралдармен, пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдық, межелік және қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді; 3) кәсіптік практикалардың, тағылымдамалардың, сондай-ақ диплом жұмыстарын (жобаларын), магистрлік және докторлық диссертацияларды жазу бойынша әдістемелік құралдар әзірлеуді; 4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді; 5) ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді; 6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды. 14. ЖОО-да оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, оқу және мамандандырылған зертханалар қарастырылған. Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврлар, магистрлер және PhD докторлар даярлаудың бағдарламасына баламалы болуы тиіс. 15. Тәрбие қызметі тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде іске асырылады. 16. ЖОО тәрбие жұмысына: 1) білім алушылардың бойында өз бетінше шешім қабылдау мен құзыретті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру; 2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру; 3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру; 4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу; 5) жалпы білім беретін орта мектептер мен кәсіптік мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіпке бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.

Параграф 3. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметі

17. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған. 18. Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық қызметтер (бұдан әрі – ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ)) ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады. 19. Профессорлық-оқытушылық құрамы жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс кезеңінде өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды. 20. Ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегілерден тұрады: іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық іс-әрекеттерді жүргізу; ғылыми педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен  ғылыми-зерттеулері арқылы жаңа білімдерді алу; жоғары білімді дамытудың теоретикалық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеу; ЖОО оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияны әзірлеу және енгізу; ғылыми-зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске енгізу; жеке ғылыми мектепті қалыптастыру және дамыту, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тарту; ғылыми жаңалықтарды коммерциализациялау және ғылыми ауқымды және бәсекеге қабілетті техника мен технологияны трансферттеу; зерттеушілермен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау; инновациялық іс-әрекет пен тартылған қаржыны пайдалану есебінен зерттеулер мен жаңалықтардың қаржылық негізін кеңейту; білім алушылардың ҒЗЖ ұйымдастыру және жетекшілік жасау. 21. ҰЗУ, ЗУ және ҰЖОО ғылыми қызметі маман даярлау үдерісінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми және инновациялық процесінің бірлігі төмендегілер есебінен қамтамасыз етіледі: студенттерді ҚР республикалық бюджеті, басқа да бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеушілік және жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту; ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының әралуан түрлерін, дипломдық және курстық жобалауды, оқу және өндірістік іс-тәжірибені, студенттерді бағыттық даярлауды және маман даярлаудың басқа да түрлерін жүргізу; оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттерге информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын игерту. 22. ҰЗУ, ЗУ және ҰЖОО-ның халықаралық қызметіжетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық бағдарламасының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылық кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлықты дамыту шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Университет қызметінің тәртібі

Параграф 1. Университетті басқару

23. Университетті басқару Жоғары және жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік қағидалары туралы 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 24. Университетті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ректор тікелей басқарады.

Параграф 2. Университеттің оқу-тәрбие қызметі

25. Университетте білім алушыларды қабылдау 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 26. Жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Кадрлар дайындау күндізгі (4-5 жыл), кешкі (5-6 жыл), сыртқы (5-6 жыл) оқыту нысандары бойынша және экстернат, магистратура (1-2 жыл), докторантура (3 жыл) күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады. 27. Білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, университет оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес анықтайды. 28. Университетте оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, оқу және мамандандырылған зертханалар қарастырылған. Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврлар, магистрлер және PhD докторлар даярлаудың бағдарламасына баламалы болуы тиіс. 29. Университеттің тәрбиелік қызметі оқу процесінің құрамдас бөлімі болып табылады және тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 30. Оқу және тәрбие қызметі білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамгершілік қадір-қасиетті өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. 31. Университеттің тәрбие қызметі тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады. 32. Университеттің тәрбие жұмысына: 1) білім алушылардың бойында өз бетінше шешім қабылдау мен құзыретті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру; 2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру; 3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру; 4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу; 5) жалпы білім беретін орта мектептер мен кәсіптік мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіпке бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.

4. Академия қызметінің тәртібі

33. Академия басқару Жоғары және жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік қағидалары туралы 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 34. Академия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ректор тікелей басқарады. 35. Академия құрылымын өзі дербес анықтайды және ғылыми кеңес шешімімен және басшының бұйрығымен бекітіледі. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдарының және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органдарының жоо құрылымы тиісті органмен анықталады. 36. Академия негізгі қызмет бағыттары, жоо-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша негізгі талаптар анықталатын құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді дербес әзірлейді және бекітеді. 37. Академиялар кәсіптік оқу бағдарламарын 1000 адамнан аз емес сәйкесті білім алушылар контингенті болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Университеттің күндізгі және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс. Осы ретте, білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі және сыртқы оқу нысандарындағы санына қарай анықталады. Күндізгі оқу нысанының студенттері 1,0, кешкі оқыту нысанының студенттері - 0,5 және сыртқы оқу нысанының студенттері - 0,25 коэффицентімен есептеледі. Білім алушылардың контингенті білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына сай келуі тиіс. Жоғары оқу орындарында білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір оқытушыға шаққанда мамандықтарға орай келесі нормативтерге сәйкес келуі тиіс: өнер және мәдениет – 3,5:1; музыка және ән салу – 6:1; шетел филологиясы және аударма ісі – 7:1; бейнелеу өнері және сызу – 7:1. басқа барлық мамандықтар бойынша: күндізгі оқыту нысаны үшін – 8:1; кешкі нысан үшін – 16:1; сыртқы нысан үшін – 32:1; магистратурада – 4:1; докторантурада –3:1. 38. Жоғары оқу орындарында академиялық топтың толымдылығы 20 адамды, шағын топтың толымдылығы – 10-15 адамды құрайды. Академиялық ағынды қалыптастыруды жоғары оқу орны дербес анықтайды. Академиялық топты 70-100 адам мөлшерінен асырмай қалыптастыру ұсынылады. 39. Академияда білім алушыларды қабылдау 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.