Қоғам • 09 Маусым, 2022

Электрондық еңбек биржасы арқылы қандай қызметтер алуға болады

875 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың басынан бастап Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін ұсыну жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жұмыс іздеп жүрген 157,8 мың адам тіркелді, оның ішінде 141,5 мың адам жұмыссыз мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Электрондық еңбек биржасы арқылы қандай қызметтер алуға болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ретте жұмыс іздеп жүрген адамдар мен ресми жұмыссыздардың ішінен тұрақты және уақытша жұмыс орындарына ЭЕБ арқылы 39,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ал 23,8 мың жұмыссыз азаматқа ЭЕБ арқылы жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалды.

Осылайша, цифрлық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркелген іздеушілердің және ЭЕБ-дағы жұмыссыздардың жалпы санының 25%-ын құрады.

Қазір ЭЕБ-мен барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары интеграцияланған, соның арқасында көрсетілетін цифрлық мемлекеттік қызметтер бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді. Жұмыспен қамту қызметтері үшін өтініштердің кемінде 50% - ы онлайн режимге өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЕБ арқылы мемлекеттік қызметтің төрт түрін алуға болады:

– жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;

– жұмыссыздарды тіркеу;

– жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге өтінім беру;

– мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары) жолдама алу.

2021 жылы жұмыс іздеп жүрген 149,1 мың адам онлайн-форматта тіркелген немесе бұл жалпы тіркелгендер санының 34%-ы, ал оның ішінде азаматтардың 60%-ы жұмысқа онлайн орналастырылды.