Қоғам • 09 Маусым, 2022

«Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр – Әділет министрлігі

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрлігінде «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр – Әділет министрлігі

«Менің білуімше, қазір «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір тіркелген 6 партия бар. Тағы бірнеше партияны тіркеу жұмыстары 2019 жылы басталғанын білесіздер. Бірақ құжаттарындағы кейбір сәйкессіздіктерге байланысты оларды тіркеу жұмыстары тоқтатылған еді», деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол Елбасы туралы Конституциялық заң күшін жойса, Презиент туралы Конституциялық заң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиісті кепілдіктер беретінін айтты.

«Бүкіл экс-президенттерді қамтитын норма тиісті Конституциялық заңда бар. Елбасы туралы заң жобасы жойылса да, бізде Президент туралы Конституциялық заң жобасында тиісті кепілдіктерді қамтитын нормалар бар», деді Алма Мұқанова.



 

Соңғы жаңалықтар

«Ордабасы» орда бұзды

Футбол • Бүгін, 09:55