Қоғам • 15 Маусым, 2022

Жастар жеңілдікпен баспана алады

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жас адам үшін баспана мәселесі ең өзекті проблеманың бірі, тіпті өмірінің мәні деп те айтуға болады. Осы орайда Қарағанды облысының басшылығы аталған мәселені оңынан шешудің тиімді жолын ұсынып отыр.

Жастар жеңілдікпен баспана алады

Мысалы, осы мақсатқа деп облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қарастырылған. Бұл игі істен шет қалмаған «Отбасы банк» те ортаға 500 млн теңге қаржы салып отыр. Яғни жеңілдікті қарыз 20 миллион теңгеге дейінгі сомаға

5%-бен беріледі. Бастапқы жарна 19 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10%-ын құрайды. Ал тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.

Еске сала кететін бір жайт, бұл қолжетімді ипотекалық жа­ңа бағдарлама жас мұғалім­дер­ге, дәрігерлерге, медбике­лер­­ге, спортшыларға, жаттық­тыру­шы-оқытушыларға, мә­де­­­­­­ниет қызметкерлеріне, журналистерге, жоғары оқу орны­ның оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге және әлеуметтік сала өкілдеріне арналған.

Бағдарламаның өзіндік шарттары да бар. Мысалы, ипотека кемінде бір жыл ресми жұмыс істеген 35 жастан аспаған қа­р­аған­дылықтарға беріледі. Бұл жерде табыс та ескеріледі. Отбасының әрбір мүшесіне ол алты ең төменгі күн көру дең­гейі (1 ЕТККД – 37 389 теңге) мөл­ше­рінен аспауы, сондай-ақ бағ­дар­ламаға қатысушы мен отбасы мү­шелерінің кейінгі бес жыл ішін­де меншігінде жылжымайтын мүлік болмауға тиіс.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Бір­жан Әлімжанов ипотека бағдар­ламасына қатысушыларды құра­мына мемлекеттік органдар, депутаттық корпус және қоғам өкіл­дері кірген комиссияның ірік­тей­тінін айтады.

 – Бағдарламаның механизмі өте қарапайым. Бірінші кезекте әлеуетті қатысушылар қалалық әкімдіктің фронт-кеңсесіне жү­гініп, тиісті құжаттар тізбесін тапсыруы керек. Одан кейін комиссия балдық жүйе негізінде банкте біліктіліктен өтуге жолдама берілетін қатысушылардың тізімін жасайды. Мұнда өтініш берушінің несие тарихы, төлем қабілеттілігі деңгейі жан-жақты зерттеледі. Банк тарапынан оң шешім қабылданған жағдайда қарыз алушы ресімдеу процесіне көшеді. Іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар – еңбек өтілі, балалар саны және әлеуметтік осал санаттарға кіру, – деп ег­жей-тег­жейлі түсінік берді Б.Әлім­ж­анов.

Баспаналы болсам деп жүрген үйсіз жастар өтінімді 24 маусымға дейін тапсыра алады.

 

Қарағанды облысы