Білім • 15 Маусым, 2022

Мағжандармен мақтанамыз

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мағжан Тегісов есімді боз­бала Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мек­тебін биыл бітірді. Өзінің болашақтағы өмірін IT саласымен байланыстыру­ды ұйғарған өрен қазір­дің өзінде АҚШ-тың бірнеше оқу орнынан ша­қырту алды.

Мағжандармен мақтанамыз

Ғарыш әлемі, робот техникасы және стартап-жобалармен айналысқанды ұнататын Мағжан түрлі республикалық және халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген дарынды жас. Бұған қоса ол Назарбаев зият­керлік мектептерінің 500-ден астам оқушысын біріктіретін NIS Valley клубының негізін қалаушы.

Мағжан Тегісов аталған клуб­тың кәсіпкерлікке, стартап-жо­баларға қызығушылық таныт­қан оқушылардың басын біріктіретін алаңқайға айналғанын айтады.

– Олар сарапшылардан кеңес алып, тәжірибе жинақтап, көш­басшылық қасиеттерді дамыта алады. Оқу жылдарындағы бар­лық жетістігімнің арқасында мен АҚШ-тың бірнеше уни­вер­ситетінен шақырту алдым. Бірақ Америкадағы ең үздік­тің бірі – Colby College оқу орнын таңдадым. Олардың маған пре­зи­денттік стипендия тағайын­да­ғаны да таңдауыма біршама ықпал етті, – дейді М.Тегісов.

Мағжанның болашақтағы арманы зор: Қазақстанда Google, Apple, Amazon сияқты IT-ком­пания құрғысы келеді.

Бұдан бөлек, жас жігіттің қазіргі уақытта айналысып жүр­ген бизнесі де бар. Barys Wear брен­дімен киім желісін іске қос­қан ол, сондай-ақ логотиптері бар ірі компанияларға трикотаж бұйымдарын да жеткізіп тұрады.

 

ҚАРАҒАНДЫ