Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингі 45 өнеркәсіптік қала мен 10 мегаполисте ластанудың жоғары деңгейде екенін көрсетті. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкенттегі экологиялық ахуал көңіл көншітпей тұр.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Басты міндет – ластану деңгейін төмендету
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменованың айтуынша, өңірлердегі атмосфералық ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болады.
«Еліміздің бас шаһары мен Алматыда ластанудың негізгі үлесі жылу нысандарына (ЖЭО, қазандықтар), автокөліктерге және жеке секторға тиесілі. Өскемен және Теміртауда эмиссиялардың едәуір көлемі өнеркәсіптен келеді. Ақтөбе мен Атырауда ескірген кәріз-тазарту құрылымдары экологиялық ахуалдың күрделенуіне негізгі себеп.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұстана отыра өзекті экологиялық мәселелерді шешуге байланысты қоғам өкілдері, әкімдіктер және табиғат пайдаланушылармен талқылау өткіздік. Нәтижесінде, 16 жол картасы қабылданды. Бұл карталарда барлығы 485 шара қарастырылған. 2020 жыл мен биылғы І тоқсанға жоспарланған жұмыстардың 50%-дан астамы орындалды. Қазір негізгі өнеркәсіптік өңірлерде жол карталарын өзектендіруге байланысты жұмыс басталды.
2025 жылға қарай жол карталарын іске асыру арқылы 10 қалада атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден орташаға төмендейді деп болжанып отыр. Бұдан басқа 7 кәріздік-тазарту құрылымы (КТҚ) мен 24 жаңа полигон салу, 12 кәріздік-тазарту құрылымын жөндеп, жаңғырту, сондай-ақ тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіріп, жою көзделген», деді З.Сүлейменова.
Өңдеу үлесін арттыру қажет
Былтыр «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданғаны мәлім. Оның аясында 2025 жылға дейін эмиссияларды 20%-дан 30%-ға дейін төмендетуге қатысты ірі қалалардағы 16 өнеркәсіптік нысанда арнайы шараларды іске асыру қарастырылған.
«Тағы бір өзекті мәселе – қалдықтарға қатысты. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 4,5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Осы жылы оның көлемі шамамен 4,2 млн тоннаға жетіп, 21,1%-ы қайта өңделді. Жылдың соңына дейін тұрмыстық қалдықты өңдеу үлесі 24%-ға дейін жетуі тиіс.
Әкімдіктердің ақпаратына сүйенсек, биылғы І тоқсанда қатты тұрмыстық қалдықтың көлемі 971 мың тоннаны құрап, оның 20%-ға жуығы өңделді.
Республиканың аумағындағы 204 қала мен ауданның ішінде 134 елді мекенде қалдықты бөлек жинау үрдісі енгізіліп, тағы 96 елді мекенде қалдықты сұрыптау жүйесі жолға қойылды.
Экологиялық кодекс арқылы қалдықтарға мемлекеттік реттеу, атап айтқанда, қауіпті қалдықтарды қалпына келтіріп, жою саласындағы қызметті лицензиялау, сондай-ақ қалдықтардың барлық түрін жинап, сұрыптайтын, сол секілді тасымалдау мен қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіретін немесе жоюмен айналысатын субъектілерге хабарлама жеткізу тәртібі енгізілді», деді вице-министр.
Қауіпті қалдықпен 60-тан аса ұйым айналысады
Қазір 60-тан аса ұйымға қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты тиісті лицензия берілген. Жауапты ведомствоның өкілдері айтқандай, еліміздің заңнамасында қалдықтарды қауіпсіз басқаруды ұйымдастырудың негізі қалыптасқан. Айталық, фракциялар («құрғақ» қалдықтар: қағаз, картон, металл, пластик, шыны және «дымқыл» қалдық түрлері: тамақ қалдықтары, органикалық заттар және өзге де заттар) бойынша қалдықтарды бөлек жинауға қойылатын талаптар белгіленді. Сол секілді қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептілік оңтайланып, бұл қалдықтардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді (жаңа есеп қалдықтар кімге берілгені туралы деректемелерді қамтиды). Сонымен қатар жаңа Экологиялық кодекс аясында қалдықтарды ұйымдастырып, басқару жөніндегі функция әкімдіктерге жүктелді. Олар өз өңірлерінде қалдықтарды басқаруға байланысты кешенді тетікті қамтамасыз ету үшін коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама арқылы жұмыс істеуге тиіс.
7 мыңнан аса заңсыз қоқыс орны анықталды
2018 жылдан бері Экология министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, елді мекендердің аумағында (35 елді мекен) қалдықтар жинақталатын орындарды анықтау бойынша ғарыштық мониторинг жүргізіп келеді. Жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен оның аумақтық департаменттері геосервис (КЭРК) арқылы ғарыштық бақылау нәтижесінде бейберекет қоқыс орындарын тауып, оларды жою бойынша жұмысты жүзеге асырып жатыр. Бұл тетік өңірлердегі бейберекет қоқыс орындарын жою жөніндегі жұмысқа қадағалауды күшейтуге септесіп келеді.
Былтырғы ғарыштық мониторинг қорытындысына сәйкес 7 328 заңсыз қоқыс орындары анықталып, оның 89%-ы (6740 қоқыс орны) жойылды. Мәселен, Қарағанды облысында – 1 360, Ақмола облысында – 1 329 және Шығыс Қазақстан облысында 678 заңсыз қоқыс ошағы жойылды. Маңғыстау облысында бұл жұмыс тым баяу жүріп жатыр.
Биылғы мамырдан бастап ғарыштық бақылаудың көмегімен заңсыз қоқыс орындарын анықтауға қатысты жұмыстар басталып кеткен. Осы аралықта шамамен 1,5 мыңдай заңсыз қоқыс орны белгілі болды. Түсірілген суреттерге сәйкес жоғарыдағы ошақтарды жоюға байланысты жұмыстардың кестесі әзірленеді.
Қазақстанда климат құбылмалылығының салдары байқалып жатқаны жасырын емес. Күрт континентальды климатты ескерсек, еліміздің әр өңірінде түрлі тәуекелдерге тап болу қаупі сақталып отыр.
Қазақстандағы температураның өсімі қазір орташа әлемдік деңгейден шамамен екі есеге асып отыр. Соның салдарынан туындаған жердің құнарсыздануы, құрғақшылық, шөлейттену, су тасқыны және мұздықтардың еруі сынды мәселелер климаттың өзгеруіне бейімделіп, оның зардаптарын азайту бойынша шұғыл іс-қимылдарды қабылдауды талап етеді.
Көміртекті бейтараптылық стратегиясы жетілдіріліп жатыр
«Карбонсыздандыру мәселелеріне тоқталсақ, парник газдарын азайту температураның көтерілуін тежеу үшін маңызды. Екі жыл бұрын Мемлекет басшысы 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді бағдар ретінде белгілеген еді. Қазір Көміртекті бейтараптылық стратегиясы жетілдіріліп жатыр. Стратегияда қарастырылған төмен көміртекті даму еліміздің экономикалық және әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған», деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары.
Министрлік қысқа мерзімді перспективада парник газының көлемін 2030 жылға дейін төмендету бойынша шараларды көздейтін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды өзектендірмек. Бұл ретте парник газдардың көлемін реттеудің негізгі құралдарының бірі квоталардың сауда жүйесі саналады. Қазір аталған тетік арқылы электр энергетикасы, мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия, химия және өңдеу сынды 8 секторда 200-ге жуық қондырғы реттеліп келеді.
Құзырлы органдағылар көміртегі нарығын кеңейтуге байланысты жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырғандарын айтты. Атап айтқанда, Еуропалық комиссия мен Дүниежүзілік банкпен бірлесіп еуропалық эмиссия сауда жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Экология министрлігі осы жұмыстың нәтижелері халықаралық көміртегі нарықтарына шығуға жол ашады деген үмітте. Сонымен қатар қоршаған ортаға әсерді азайтудың тиімді тетіктерінің бірі – озық қолжетімді технологияларға көшу дейді ведомство өкілдері. Экологиялық кодекске сәйкес 83 кәсіпорында кешенді технологиялық аудит жүргізіліп, оның ішінде 45 кәсіпорында 50 ластаушы көздердің бар екені анықталды.
Тау-кен металлургия, мұнай өңдеу, энергетика, химия, цемент салаларында озық қолжетімді технологиялар анықтамалығын әзірлеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. 2023 жылға қарай ластаушы 50 ірі кәсіпорын үшін шамамен 16 ОҚТ анықтамалығы бекітіледі деп күтіліп отыр.
Путин мен Пашинян Қарабақтағы жағдайды талқылады
Әлем • Бүгін, 10:28
Павлодарда мұнайды заңсыз сатқандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 10:11
45 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:00
Қазақстанның экспорт көлемі артты
Экономика • Бүгін, 09:52
Вакцина салдырғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Юлия Путинцева Торонто турнирінде сәтті өнер көрсетті
Теннис • Бүгін, 09:32
1691 қазақстандық коронавирустан сауығып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:23
9 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:15
Президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды
Президент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 1128 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Футбол • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Кәсіпкерлерге push-хабарлама жібереді
Технология • Бүгін, 08:37
Алаяққа арбалған талай жұрттың баласы
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:34
Мобильді бригадалардың жұмысы ширай түсті
Медицина • Бүгін, 08:32
Аурухананың жаңа корпусы ашылады
Медицина • Бүгін, 08:30
Мүгедек жандардың әлеуметтенуін қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Несие шартын өзгерту үшін не істеу керек?
Қаржы • Бүгін, 08:23
«Ауыл аманаты» үмітті ақтаса игі
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Аумақтық органдарға арналған семинар-кеңес
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Ұқсас жаңалықтар