Білім • 01 Шілде, 2022

Мектепке дейінгі мекемелерге тәрбие тұжырымдамасын жасау ұсынылды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық комиссия мүшесі, Абай облысы «Семей таңы» газетінің бас редакторы Риза Молдашева білім беру жүйесін жетілдіруді басым бағыт ретінде қарастырып жүргенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектепке дейінгі мекемелерге тәрбие тұжырымдамасын жасау ұсынылды

Ол Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі Ұлт­тық комиссияның кезекті отырысында ұлттың тұтас психологиясын, философиясын, этикасы мен мәдениетін, педагогикасын қалыптастырған ұлы тұлғаларымыздың көзқарасы негізінде «Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп мекемелеріндегі тәрбие тұжырымдамасын» жасауды ұсынды.

«Өйткені ақпараттық техно­логия­лардың тасқыны рухани құнды­лық­тарды тықсырып барады. Әлеуметтік желі­де балдырғандарға көрсетіп жатқан зор­лық-зомбылық туралы видеолардан, жарияланымдардан көз сүрінеді. Ұлт­тық тәрбие көзі рухани құндылық ретін­де бағаланбай, жойылып бара ма деген алаңдаушылық бар», деді комиссия мүшесі өз сөзінде.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі түсініктер текетіресі нәтижесінде «ұятмэн» деген жаңа ұғым пайда болғанын да айтты.

«Ұят. Обал. Сауап. Бізді ұлт ретінде сақтаушы ата-бабадан келе жатқан осы үш қағида еді. Бүгін әлеуметтік желідегі түсініктер текетіресі нәтижесінде «ұятмэн» деген жаңа ұғым пайда болды. Сондықтан мектеп оқушыларына медиасауаттылық пен цифрлық сауаттылықты үйрету заман талабына айналып отыр», деп атап өтті ол.