Қазақстан • 02 Шілде, 2022

Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 шілдеде Қазақстанда Дипломатиялық қызмет күні аталып өтеді. Биыл Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл

1992 жылы 2 шілдеде Тәуелсіз Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құрылды. Дәл осы күні «ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының елшілігі туралы» және «ҚР Төтенше және Өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережелерді бекіту туралы Жарлыққа қол қойылды.

«ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» №3827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 837 Жарлығында кәсіби және өзге де мерекелер тізбесіне 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні деп толықтырылды.