Аймақтар • 03 Шілде, 2022

Шымкент бюджеті 4 жылда 4 есе өсті

375 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкі­мі Мұрат Әйтенов Орта­лық коммуникациялар қыз­меті алаңында қаланың әлеу­меттік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Қала­ның республикалық мәр­тебе алғанына биыл 4 жыл болды.

Шымкент бюджеті 4 жылда 4 есе өсті

«Республикада Шымкент қа­ла­сы өсім динамикасы бойынша 2021 жылдан бастап алғашқы орын­да. 4 жыл ішінде өнеркәсіп өнімі­нің көлемі 60% немесе 492 млрд теңгеден 785,4 млрд теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты трлн-нан астам ин­вестиция тарту жоспарланып отыр. 2,6 млн шаршы метр­ден астам тұрғын үй салынды, оның 1 млн-ы былтыр берілді. Ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны 30 % немесе 58 мыңнан 75,3 мыңға дейін өсті. Олар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Қала бюджеті 4 есеге немесе 146 млрд теңгеден 573 млрд теңгеге дейін артты. 673 шақырым жол жөнделді. Бұл – алдыңғы 8 жыл­дың көрсеткішімен бірдей», деді қала басшысы.

Сонымен қатар қалада инже­нерлік инфрақұрылымға да баса көңіл бөлінді. Бозарық қосалқы стансасы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тап­шылығы шешілді, олардың қуат­тылығы алдағы 5-6 жылға жетеді. Қала тұрғындарының ауыз сумен қамту 93 %-дан 98%-ға, электрмен қамтамасыз ету 91,2%-дан 97%-ға, тұрғындарға табиғи газ жеткізу 92 %-дан 93%-ға өсті. 2023 жылы ауыз сумен қамту, 2025 жылы электр қуатымен және табиғи газбен қамту 100 %-ға орындалады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бе­кі­тілген «Халықтың табысын арт­тырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» іске асырылып жатыр. Биыл 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25-%-ға, 17 мыңға жуық азаматтық қыз­метшінің жалақысы 20%-ға, ден­саулық сақтау және спорт салаларында еңбекақы 25%-ға өсті. Жалпы, Шымкент қаласында ағымдағы жылдың І тоқсанында орташа жалақы 23 %-ға өсіп,
216 867 теңгені құрады. Халық­тың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл бағытта биыл 16 ин­­вес­тиция­лық жобаны іске қосу жос­парлан­ған. Инвестиция көлемі – 52,3 млрд теңгені құрап, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бү­гінгі таңда жоспарлан­ған 5 кәсіп­орын іске қосылды», деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Орталық Азияда теңдесі жоқ «KazAlPack» ЖШС «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасының құны 23 млрд теңгені құрады, онда 145 жұмыс орны ашылды. Жобалық қуаты жылына 500 млн дана алю­­миний банкілерін шығаруға жетеді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 %-ын алмас­тырады.

Сондай-ақ жоспарланған жо­ба­­лардың ішінде қала экономикасы үшін маңызы зор «Standard Steel KZ» ЖШС түсті металл кон­центрат­тарын алу зауыты (мыс, қор­ғасын, цинк, алтын) жобасы бар. Аталған жобаның құны – 8,5 млрд теңге. Жоба аясында 250 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл жоба шеңберінде бұрынғы қор­ғасын зауыты аумағындағы қорғасын қалдықтары тазартылып, қаланың экологиясына оң әсер ететін болады.

Жалпы, қаладағы 4 индустриялық аймақта 185,3 млрд тең­геге 130 жоба іске асырылып, 8,3 мың­нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Мемлекет басшысы 2025 жыл­ға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Бұл межеге жету үшін қалада 2 жаңа индустриялық аймақтың құрылысы басталды.

«Біріншісі, «Жұлдыз» индус­триялық аймағы. Жалпы аумағы 306 гектар аумаққа инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүр­гізілуде. Жаңа индустриялық аймақ­­та машина жасау, фарма­цев­­тика, металлургия, жиһаз өнер­­кәсібі, құрылыс индустрия­сы сала­ларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 200 млрд теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді. Екіншісі, аумағы 118 гектарды құрайтын «Стандарт» жеке индустриялық аймағы. Бұл жерде 176 мың шаршы метрлік дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың шаршы метріне қойма алаңдарын салу жоспарланып отыр», деді М.Әйтенов.

Қала әкімі агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту жайлы да айтып берді. Бұл бағытта ауылшаруашы­лық өнімдерін тереңдетіп өңдейтін өндірістік алаңдарды дамытуға мән берілуде.

«Бүгінгі таңда аумағы 133 гек­тарды құрайтын «Бозарық» та­мақ өнеркәсібі агроиндустрия­лық аймағында инженерлік инфра­құрылым жүйелерінің құры­лы­сы жүргізілуде. Нәтижесінде, 21 жобаға 23 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Биыл құны 11 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске асып, 369 жұмыс орны ашылады. Жобалар қайта өңдеу, өндірістік жылыжай кешені, сақтау қоймасы, тауарлы сүт фермасы мен құс шаруашылығын кеңейтетін болады», деді спикер.

Сонымен бірге бағаны тұрақ­тандыру бағытында сауда-логис­тика аймағында 4 жаңа қой­ма­ның және 1 көтерме-тарату орта­лығының құрылысы жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары бойынша тұрақтандыру қорына бюджет есебінен 7,7 млрд теңге бөлініп, ірі сауда желілеріне, жергілікті тауар өндірушілерге және бизнес субъектілеріне айналым қаражаты берілді.

Жергілікті бизнесті дамытып, қалаға инвестиция тарту мақса­тында алдағы 5 жылда 2,6 трлн теңгеге 20 мың жұмыс орнын ашу мүмкіндігін беретін 242 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 154,7 млрд теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«Осы жылдың 5 айында қа­лаға тартылған нвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға артып, 131,1 млрд теңгеден асты. Өсім динамикасы бойынша Шымкент қаласы республикада алғашқы орында. Мемлекет тарапынан кәсіп­керлерге ауқымды қолдау көрсетілуде. «Бизнестің жол кар­тасы – 2025» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында 13,3 млрд теңге қарастырылып, бүгінде 4,1 млрд теңгеге 1 830 жобаға қол­дау көрсетілді. «Қарапайым заттар эко­номикасы» бағдарламасы ­аясында 74 жобаға 1,1 млрд теңге­ге қолдау көрсетілді. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы аясын­да 944 млн теңге бағытталып, бү­гінде 183,4 млн теңгеге 19 жо­­ба қар­жыландырылды. Со­ны­мен қатар кәсіпкерлердің жеңіл­детілген несиеге қол жеткізуі үшін Shymkent-Atameken мик­ро­қаржы ұйымы арқылы кәсіп­керлерге 25 млн теңгеге де­йін 6%-дық несие бері­леді. Жыл ба­сынан бері 865,6 млн тең­геге 86 жобаға қолдау көр­сетіл­ді. «Биз­неске арналған үкі­мет – Shymkent Invest» бірыңғай орта­­лығында 24 мыңнан астам кәсіп­­керге бизнес-жоспарды әзір­леуден бастап, жобаны пай­да­лануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілді», деді спикер.

Оның айтуынша, 2022 жылға бюджет көлемі 573,7 млрд тең­гені құрады. Оның 47%-ы әлеу­меттік салаға бағытталса, 21%-ы даму жобаларына бөлініп отыр. Бюджет қаражатын ұлғайту ар­қы­лы қала­дағы біршама өзекті мәселелер шешімін табуда.

«Мегаполис болғалы Шым­кент қаласының бюджет көлемі 4 есеге артты. Бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету мақ­сатында «Халық қатысатын бюд­жет» жобасы аясында 158 жобаға 3,9 млрд теңге қаржы бө­лін­ді. Нәтижесінде, 140 балалар ойын алаңы, 24 ашық спорт ала­ңы және 2 ирригациялық арық орна­тылуда. Бүгінде қаланың кез келген тұрғыны «электронды үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алуға мүмкіндігі бар», деді Шымкент әкімі.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесіндегі орын тапшылығын жою мақсатында елімізде 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салу­ды міндеттеген. Тапсырмаға сәй­кес Шымкент қаласында 101 мек­тептің құрылысын жүргізу қарас­тырылған.

«2021 жылы 25 мектеп пай­далануға берілсе, 2022 жылы 34 мек­тептің құрылысы жүргі­зілуде, 11 703 орындық 24 мектеп пайдалануға беріледі. Нәти­же­сінде, үш ауысымды мектеп­тер саны 9-дан 5-ке дейін, ыңғай­лас­тырылған мектеп саны 4-тен 3-ке дейін азаяды. 2023 жылы қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі. Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, бұл бағыт­та 44,6 млрд теңге қаралды. Іс-шара­лардың ішінде осы жылдан бас­тап барлық бастауыш сынып оқу­шылары – 103 мыңнан астам оқу­шы көп жылдан бері алғаш рет тегін ыстық тамақпен қамтыл­ды», деді қала әкімі.

Әлеуметтік салада басты мақ­­саттардың бірі – халықты тұрақ­ты жұмыспен қамту арқылы әлеу­меттік көмекке мұқтаж азамат­тардың санын азайту. Халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланып, 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды.