Қаржы • 11 Шілде, 2022

Қатаң ақша-несие саясаты жалғасады

678 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты өте қатаң. Бұлай етуге 2020-2022 жылдардағы тұтынушылық инфляцияның күрт өсуі, 2019 жылдан бергі инфляция бойынша таргет-дәліздің төмен­дігі, банк жүйесіндегі долларлану тәуекелі және деваль­вация­лық күтулер себеп. Бәлкім, осы себептен, пандемия уақытынан бері базалық ставка 9 пайыздан жоғары көтеріліп көрген емес. АКРА халықаралық рейтинг агенттігі осылай деп топшылайды.

Қатаң ақша-несие саясаты жалғасады

«Монетарлық саясаттың қатаң­дығы биыл күшейіп, 2-3 пайыздан 2022 жылдың ақпанының соңында 7,3 пайызға дейін жетті. 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында көрсеткіш 6-7 пайыз болды. Сонда коронавирус пандемиясы жарияланған 2020 жылдың наурызынан асып түсті. Ал Ұлттық банк мұнай бағасының күрт төмен­деуі және валюта нарығындағы дүрлігу жағдайында базалық мөлшерлемені айтарлықтай арттырды. 2020 жылы Қазақстан экономикасы біраз шокты бастан кешірді. Біріншіден, елдегі басты экспорттық тауар саналатын мұнайдың әлемдік бағасының кенеттен төмендеуі әсерін тигізді. Екіншіден, пандемиямен күреске байланысты енгізілген әкімшілік шектеулер және логистикалық тізбектердің бұзылуы салдарынан туындаған инфляциялық процестердің күшейе түсуі ықпал етті», делінген зерттеуде.

АКРА сарапшыларының айтуынша, ақша-несие саясатының қатаңдай түсуі экономикадағы белсен­ділікті төмендетті. Сон­дық­тан экономикадағы белсен­ділікті де бәсеңдетпейтін, теңге­лей активтерге деген қызығу­шы­лықты да ынталандыра алатын теңгерімді монетарлық саясатты қалыптастыра алу өте маңызды.

«Ел ішіндегі өнеркәсіптік өндіріс динамикасының баяулауына және басты сауда серіктес саналатын Ресейге қатысты санкция­лық шаралардың артуына байланысты 2022 жыл­дың басында Қазақстан экономи­касындағы қалпына келу про­цесі біраз әлсіреп қалды. Бұл Ресейден бері қарай инфляция импортының ағынына жол ашып, Қазақстанның валюта нарығына әсер етті және Ресей территориясы арқылы тауар экспорттау бойынша транспорттық-логистикалық ахуалды күрде­лендірді. Нәтижесінде, деваль­вациялық күтулер мен тұтыну­шылық инфляцияның өсімі ақша-несие саясатын қайта қарауға мүмкіндік бермеді», дейді АКРА сарапшылары.

Олардың биылға тұтынушы­лық инфляция бойынша болжамы 11-13 пайыз межесінде. Сондай-ақ Қазақстандағы валюта нарығының шағын масштабын және оның ашықтығын, екі ел экономикасының тығыз байланысын ескере отырып, Ресей валюта нарығынан Қазақстан нарығына қарай девальвациялық үрдістердің ауысу потенциалы да өте жоғары.

«Макроқадағалаушы белгі­леген инфляциялық таргет-дәліз­дің қазіргі жағдайында валю­­талық шок тәуекелі мен жоғары­латылған инфляция жоғары база­лық ставканы қол­дауға мүм­кін­дік береді. Бұл ретте Қазақ­стан­ның ақша-несие сая­сатын қатаң деп бағалай аламыз», дейді АКРА.