
Жануарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында, олардың жіберілген жеріне 6 фототұзақ орнатылды. Сондай-ақ үш бұғыға GPS сезбек орнатылған қарғыбау тағылды. Аталған құрылғының жануарларға еш зияны жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұл бұқар бұғыларының «Іле-Балқаш» резерваты аумағына төртінші рет жіберілуі – 2019 жылы 5 бұғы, 2020 жылы 15 және былтырғы жылы 61 бас орналастырылған болатын.
Бұқар бұғысы ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.
Айта кетейік, бұқар бұғыларының Балқаш ауданына оралуы, жолбарысты Қазақстанға жерсіндіру бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дүниежізілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп, БҰҰДБ қолдауымен іске асырады.