Таным • 13 Шілде, 2022

Қымыздан асқан дәм бар ма?!

449 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қымыздан асқан дәм бар ма?!» – бұл ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеуғазы Сейсенұлының ғылыми танымдық кітабы. Жуырда аталған еңбектің таныстырылымы Семейде өткізіліп, оның біраз данасы оқырмандарға жол тартты.

Қымыздан асқан дәм бар ма?!

Осы еңбегінде автор қазақ­тың ұлттық кодында ежелден бар қасиетті сусын қымыз екенін көптеген фактімен айғақтайды. Ғалым қазіргі жаһандану заманында мал шаруашылығы­ның маңыздылығын, оның ішінде ұлттық сусын – қымыздың ха­лыққа ерекше қажет әрі шипалы қасиеттерін ғылыми, сон­дай-ақ әдеби деректермен тү­йін­дейді.

«Төлеуғазы Сейсенұлымен әріптес ретінде жақын араласып, достық қарым-қаты­на­сымыздың қалыптасуы оның институтқа оралып ұстаз­дық қызметті бастаған ке­зең­ге, яғни бүкіл қоғамды үл­кен тү­бегейлі өзгерістерге әкел­ген 80-ші жылдардың аяғы­на сәйкес келді. Оның ауыл ша­руашылығы саласына қосқан үлесі көп. Әсіресе саланы ғы­лыми тұрғыда дамытудың түр­лі жолдарын ұсына білген кә­сіби маман ретінде өзін та­ныт­ты. «Жақсының аты, ға­лымның хаты өлмейді», де­мек­ші Төкең арамыздан кетке­ні­­мен оның қалдырып кеткен шы­ғар­машылық мұрасы ұлтымыз­ға әлі біраз уақыт пайдасын тигі­зетініне шүбә келтірмейміз. Оның жарқын дәлелі ретін­де «Қымыздан асқан дәм бар ма?!» атты еңбегін келтіруге бо­­лады. Бұл монографияны толы­ғымен оқып шықтым. Шы­нын айтқанда, мұндай кітап­тың жа­рық көргеніне риза болдым. Неге десеңіз, аталған ең­бек ауыл шаруашылығы са­ла­­сында ізденіс үстіндегі ға­лым­­дарға таптырмас құралға айна­латы­нына сенімдімін. Сол се­кіл­ді ата кәсіпті дамытуды көз­деген ша­руаларға қолғабыс ете­ті­ні күмән­сіз», деді Манаш Қозы­баев атындағы тари­хи зерт­теу­лер ғылыми орта­лығы­ның ди­рек­­торы Мұхтарбек Кәрімов.

Төлеуғазы Сейсенұлы ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында, сондай-ақ Семей­дегі зооветеринарлық инсти­тут­та ұстаздық қызметте жұ­мыс істеген. Бұған қоса «Қаз­АгроҚаржы» АҚ-да жауап­ты қызмет атқарған. Көп жыл­ғы еңбегі еленіп, Ауыл шаруа­шылығы саласының үз­ді­гі, ауыл шаруашылығы ғылым­дарының кандидаты, Халық­ара­лық Ақпараттандыру Акаде­миясының академигі атанған. Ғалымның жарық көрген ғы­лыми монографияның тұтастай таралымы – 350 дана.

 

Абай облысы