30 Сәуір, 2014

Қазақстан халқы Ассамблеясы – рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты

537 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ассамблея02АСТАНА. 30 сәуір. Ертең Қазақстан халқының бірлігі күні еліміз бойынша кең көлемде аталып өтеді. Бұл айтулы мерекеде тату-тәтті өміріміз, кең пейіліміз, молынан бұйырылған ырызық-несібеміз көрініс бермек. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 1 Мамыр мейрамының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына, әсіресе, Қазақстан халқының Ассамблеясы, барлық этномәдени бірлестіктер сүбелі үлес қосқалы отыр. Қазіргі таңда мәдени-рухани өмірімізден лайықты орнын тапқан Ассамблея және этномәдени орталықтар тарапынан ұйымдастырылатын шаралар ұшан-теңіз. Бұлардың мемлекет мерейін асыруға талпынған осынау ниеттеріне алғыстан басқа айтар сөз болмас деп ойлаймыз. Ассамблеяның ХХІ сессиясы табысты аяқталғаннан кейін көп өтпей өз кезегімен келіп жеткен 1 Мамыр мерекесінде бірлік пен ынтымақты ту еткен халқымыз рухани келісімнің, адамгершіліктің қазақстандық моделін осылайша тағы бір жаңғыртпақ. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 сәуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея – бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы. Ол бүкіл ел бойынша 820 этномәдени бірлестіктер қызметін шоғырландырады. Бұл дегеніміз 70 мың белсенді. Ал осы жұмысқа барлығы 3 миллионнан астам адам қатысады», – деген болатын. Бұдан біз Ассамблеяның және оның маңына топтасқан этномәдени бірлестіктердің ел бірлігін нығайтудағы рөлін аңғарамыз. Президенттің айтуынша, өткен жылы Ассамблея 10 мың іс-шара ұйымдастырыпты. Осынау шараларға 3,5 миллионнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ, көптеген өңірлерде Достық үйлері құрылған. Тағы бір айта кетер жәйт, бүгінде Ассамблеяны 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ortalyk-kaz.kz.