22 Мамыр, 2010

ӘУЕ ТОЛҚЫНЫНДА – МАҢҒЫСТАУ РАДИОСЫ

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
– Ұлы Жеңістің 65 жыл­дығы құрметіне эфир арқылы қазақ және орыс тілдерінде арнаулы репортаждарды сынақ­тан сәтті өткізген “Маң­ғыс­тау” радиосы әуе толқынына шықты. Араға алты жыл салып ауыл­дардағы тыңдармандардың талап-тілектеріне орай өмірге келген игі шара облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасы мен көмегі арқылы жүзеге асты, – деді “Қазақстан-Ақтау” те­ле­арнасының директоры Талғат Тайшанов. Сөйтіп, “Маңғыстау радио­сы”  қазақ радио­сы­ның FM 100,1 толқыны арқылы аптаның дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін хабар тарата бастады. Әзірге Ақтаудан 100 шақырым жерге дейін жететін облыстың радио хабарларының өрісін кеңейту алдағы күндердің еншісіндегі маңызды мәселе болмақшы. Жоламан БОШАЛАҚ, АҚТАУ.