Технология • 31 Шілде, 2022

IT-экспортын ұлғайту бағдарламасының жаңа легі іске қосылды

154 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Scalerator IT-компанияларын масштабтау бағдарламасының жаңа легін іске қосты. Өткен жылы бағдарлама кезеңінде қатысушылар 886 мың долларға келісімшарттар мен келісімдер жасап, 300 мыңнан астам доллар инвестициялар тартты.

IT-экспортын ұлғайту бағдарламасының жаңа легі іске қосылды

Scalerator бағдарламасы – ел Президентінің 2025 жылға қарай IT-экспортты 500 млн долларға дейін ұл­­ғайту жөніндегі тапсыр­масын іске асыру жолын­да­ғы тағы бір қадам.

«Бағдарламаның бірін­ші легінің нәтижелері таңғалдырды. Өткен жылғы бағ­дарлама түлектері Ка­на­да, АҚШ, Кипр, Үндістан, Вьетнам, Сингапур, Малай­зия, Сауд Арабиясы, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ук­раина, Беларусь нарық­та­рында келісімшарт жасап, серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Бұл Қазақстанда бәсекеге қабілетті IT-өнім­дер құрылып жатқанын тағы да дәлелдейді, ал біз­дің міндетіміз –  жас компа­ния­лардың жобаларын әлемге таныстыруға және ха­лықаралық деңгейде тиім­ді келіссөздер жүргі­зу­ге үйрету», деп атап өтті Astana Hub даму және экспорт жөніндегі басқарушы ди­ректоры Абай Абсамет.

Бағдарламаға қатысу тегін. IT-компаниялар үшін бұл өз бизнесін ха­лық­­аралық сарапшымен талқылау, даму жос­па­­рын әзірлеудің және ше­тел­дік сату мен пай­даны ұл­ғай­ту­дың нақты мүм­кін­ді­гі. Әрбір қаты­сушы компания өсу нүктелері мен тиімділікті арттыру жолдарын анықтай алады, ең бастысы, өзін халықаралық нарықта танытады. Бұл отан­дық инновациялық өнім­дердің экспортын ұл­ғай­ту бойынша қойылған міндетке қол жеткізуге ық­пал етеді.

Биылғы оқу бағдар­ла­масы Сол­түстік және Оңтүстік Америка, Еу­ро­па нарықтарына шығу бойын­ша құзыреттілікті арт­ты­руға бағытталған. Ол мар­кетинг, PR, сату, дизайн, қаржы, питчинг, құқық­тану, салықтар, зият­кер­лік меншік және басқа салалардағы сарапшылар­дан трекинг пен жеке ке­ңес­терден тұрады. Со­ны­мен қатар сабақ барысында стартаптар бизнес бойынша серіктестерді тиімді іздеуді, клиенттерді тартуды және өнімді нарықта белсенді жылжытуды үйренеді.