Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Әскери басқару жүйесі 93% электронды форматқа көшірілді

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметтің 93%-ы электронды форматқа көшірілді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери басқару жүйесі 93% электронды форматқа көшірілді

«Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі цифрлық трансформациялау стратегиясын әзірлеуде. Жаңа технологиялар мемлекеттік қызмет көрсету саласын ғана емес, әскери басқару мен ведомствоаралық үйлестіру жүйесін де қамтып отыр», делінген хабарламада.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев цифрландыру саласындағы бес басымдықты атады. Олар: «IT-инфрақұрылым және технологиялар», «Процестер мен деректер», «Адамдар мен дағдылар», «Инновациялар» және «Киберқауіпсіздік». 

Брифинг барысында спикер азаматтарға ақпараттық жүйелердің реинженирингі мен cloud технологияларға көшу мүмкіндіктеріне назар аударды. Деректерді интеграциялау азаматтардың әртүрлі анықтамалар алу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. 

Одан өзге бұл әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату қызметін ала алатын студенттерге де қатысты. Мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда азаматтар бірден әскердегі қызметтен босатылады. Көші-қон жағдайында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару қажеттілігі де жойылады. 

«Электрондық үкімет» қызметі арқылы тіркеу куәлігі де ресімделеді. Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетуге көшу ресурстарын айтарлықтай үнемдеп, жемқорлық жасау тәуекелдерін азайтады. 

Дархан Ахмедиевтің айтуынша, әскери басқару органдарында цифрлық қызметке офицерлер тағайындалады. Олар конкурс бойынша іріктеліп, ведомствоның бірыңғай цифрлық даму саясатының жолсерігі және бастамашысы болмақ. 

Сонымен қатар ол Талдықорған қаласының Авиациялық базасында іске асырылатын жоба жайлы да айтып берді. Онда жақында отандық отыз IT-компанияның топ-менеджерлері болып қайтты. Қызмет және коммуникация процестерін автоматтандыру мүмкіндіктерін зерттегеннен кейін цифрлық индустрия лидерлері 14 бағытта шешімдер енгізуді ұсынды. 

Жалпы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев цифрлық трансформациялау стратегиясын іске асыру Қазақстан әскерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.