Медицина • 11 Тамыз, 2022

Тамырды жалғағандар – өмірді сыйлағандар

37 рет көрсетілді

Қарағандыдағы облыстық кардиохирургия орталығында аса күрделі оталарды жасайтын жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Мысалы, жыл басынан бері аталған медициналық мекемеде аортасы үзілген бес науқасқа ота жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл патологияның қауіпті тобына емдеуден өтпейтін жоғары қан қысымы бар және атеросклерозы бар адамдар жатқызылады екен.

Мамандар аортаның жыртылу жағдайларының 80%-ы бақытсыз жағдаймен аяқталатынын айтады. Себебі ең үлкен тамыр мен оның қабығы толық жыртылса, адам қанды көп жоғалтып, жүріп кетуі әбден мүмкін.

Таяуда аталған орталықтың кардиохирург дәрігерлері қолқа тамыры үзілген науқасты ажалдан арашалап қалды. Жасы 58-ге келген қала тұрғыны өзін нашар сезінгендіктен жедел жәрдем кардиологиялық орталыққа жеткізген екен. Бұл жерде оған аортаның жарылуы диагнозы қойылды.

Жоғары санатты кардиохирург, кардиоорта­лық­тың директоры Арыстан Мағзұ­мов тамырдың жарылуы екі кезең­нен тұратынын айтады. Бірінші жағдайда аорта үзіліп кетеді екен де, адам бірден көз жұматын кө­рінеді. Ал кейде ішкі бөлік жарылып, тамыр сыртқы қабатында ұсталып тұрады екен.

– Бұл – аман қалуға мүмкін­дігі бар пациенттер. Өйткені жыр­тылған жерді протездеу жұ­мыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Ал бұл науқаста аортаның көтеріліп келе жатқан бөлігі ғана зақымдалмай, тамырдың үзі­луі жоғарыға шығып кеткен. Та­мыр көп болғандықтан, атал­ған аумақты протездеу де қиын болды, – дейді А.Мағзұмов

Расында да, жоғары бөлім мен аорта доғасын протездеу операциясы шамамен бес сағатқа созылыпты. Жасанды қан айналым аппаратына қосылған науқастың жүрегінің қағысы біраз уақытқа тоқтатылып, денесі 18 градусқа дейін салқындатылған. Абырой болғанда, операция сәтті аяқта­лып, пациент екі аптаға жуық жансақтау бөлімінде болып, одан кейін оңалту курсынан өткен.

Қазір науқас өзінің бұрынғы қалпына келе бастағанын айтады.

– Дәл осы жағдайда маған тағ­дыр екі мәрте сый жасады. Жедел жәрдем фельдшері өте тәжірибелі болып шықты және бірден кар­диологиялық орталыққа жіберуге шешім қабылдады. Екінші ретте осындай білікті хирургтер­ге тап болып, жанымның қалғанын айтуға болады, – дейді ол риза­шылықпен.

Орталықтағы ересектер кар­дио­хирургиясы бөлімінің мең­герушісі Сергей Цой бұл пато­логияның күрделілігі мен қауіп­тілігі аталған дертке тән кел­мейтін белгілерге байланыс­ты бола­тынын айтады.

– Компьютерлік томография, кардиоскопия тәрізді арнайы әдістерсіз клиникалық диаг­ноз қою өте қиын. Диагноздан кейін бір ғана шешім бар – адам мүмкіндігінше тезірек опера­ция­ға жатқызылуы керек, – дейді С.Цой.

Айта кету керек, аорта бө­лі­мін протездеу бойынша опе­рация­лар МӘМС жүйесі аясында жүргізіледі. Медициналық сақ­тандыру қоры олардың әрқай­сысына 2,6 млн теңгеден қаржы бөледі екен.

 

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар

Семей қаласының әкімі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 10:42

Месси жеңіске жетелей алмады

Футбол • Бүгін, 07:35

Ширек финалға өтті

Теннис • Бүгін, 07:33

Төртінші орынға тұрақтады

Теннис • Бүгін, 07:32

Жүлденің ауылы алыс емес

Спорт • Бүгін, 07:28

Барымтаға – «қарымта»

Қоғам • Бүгін, 07:25

Асық атудан әлем чемпионы

Ұлттық спорт • Бүгін, 07:24

Жаңа реформаға сенім зор

Пікір • Бүгін, 07:16

Үміт сөзі

Пікір • Бүгін, 07:12

Бұл – болашақтың таңдауы

Пікір • Бүгін, 07:08

Ашықтықты арттыратын игі істер

Қазақстан • Бүгін, 07:05

Құқық үстемдігі – келісім кепілі

Қазақстан • Бүгін, 07:03

Ертеңіміз үшін ұтымды шешім

Саясат • Бүгін, 07:00

Кәсіп көзі – нәсіп көзі

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар