Нақтырақ айтсақ, Astana Hub технопаркінің базасында балаларды дамыту мен қорғауға бағытталған стартаптар мен IT жобалар құрылды. Соларға аз-кем тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.
Бірегей жобалардың бірі – UvU. Бұл 5 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды 4 орынды автокөлікпен тасымалдайтын әйел жүргізушілері бар қауіпсіз, ыңғайлы және қолжетімді сервис. Жобаның серіктестері – отбасыларға ынтымақтастық пен өзара көмек қағидаттарына сәйкес тасымалдауды ұйымдастыруға көмектесуге дайын жүргізуші аналар.
Roqed деген де жоба бар. Ол ғылымды оқытуға арналған жоғары сапалы визуалды және интерактивті бағдарламалық жасақтама. Білім беру мекемелеріне жоғары технологияларды енгізуге бағытталған. Roqed-тің виртуалды және интерактивті ортада ғылымдарды үйренуге және практикалық дағдыларды дамытуға арналған қосымшалары бар. Энциклопедиясы бар 1 200-ден астам интерактивті 3D визуализациядан тұрады.
Технопарк базасында балалар мобильді ойындарын дамыту студиясы жұмыс істейді. Бұл Funtyx Games деп аталады. Мұндағы әзірлемелердің бірі – ең кішкентай балаларға арналған Jungle town мобильді ойыны. Оның басты кейіпкерлері – сүйкімді жануарлар.
Big dream – оқулықтардағы қарапайым суреттерді 3D форматында көрсететін бағдарлама. 2017 жылдан бастап Big Dream lab білім беру, маркетинг, құрылыс, өндіріс және полиграфия саласында толықтырылған, виртуалды және аралас шынайылықтың озық технологияларын әзірлеп, енгізіп келеді.
Bilim Media Group жобасының негізгі миссиясы мен ұраны – барлығына қолжетімді сапалы білім. Негізгі ресурсы – Bilimland.kz порталы. Онда нөлден екі жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытуға арналған материалдар, бастауыш және орта сыныптарға арналған курстар бар.
Қазақстандағы балабақшалар мен ата-аналарға арналған алғашқы және бірегей қосымша BALAM деп аталады. Бұл ата-аналар мен балабақшалардың қарым-қатынасын тиімдірек және жеңілдетуге бағытталған инновациялық жоба.
ABCHESS – онлайн және офлайн режімде, жаттықтырушымен немесе өз бетінше шахматты үйретудің заманауи экожүйесі. Негізгі міндет – барлығына қолжетімді сапалы шахмат білімін құру.
Balapay – балалар үшін мектептерде қолма-қол ақшасыз тамақтану сервисі. Оқушылар жеке smart-картаны мектеп асханасында төлем құралы ретінде пайдалана алады.
Келесі жоба – KidSecurity. Бұл ата-аналарға балалардың орналасқан жерін біліп отыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.
Міне, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі базасында балаларды дамыту мен қорғауға бағытталған осындай IT жобалар жұмыс істейді.