Әлем • 18 Тамыз, 2022

Ресей-Қытай байланысы: Ұстанымы қандай? Бағыты не?

588 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін

Қытай Ресейге әскер жібереді. Бейжің өзінің «Восток» оқу-жатты­ғуына қатысуын ағымдағы оқиғаларға еш қатысы жоқ, бұл Мәскеумен тұрақты ынтымақтастықтың бір бөлігімен байла­нысты деп түсіндіреді. Жалпы, Ресей мен Украина арасында қақ­тығыс басталғалы көптеген елдің Ресейге көзқарасы өзгер­гені белгілі. Ал Қытайдың ұстанымы қандай? Екі алып елдің бүгінгі қарым-қатынасындағы саясатты саралап көрейік.

Ресей-Қытай байланысы: Ұстанымы қандай? Бағыты не?

«Мақсат – достық ынтымақтастықты тереңдету»

Мәскеу шілде айында 30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Восток» оқу-жаттығуы өтетінін хабарлаған болатын. Алайда бұл іс-шараға қатысатын елдердің нақты тізімі айтылмады. Әскери жаттығу Үндістан, Беларусь, Моңғолия, Тәжікстан секілді ел­дердің қатысуымен өтпек. Ал Қы­тай қорғаныс министрлігі өз елінің әскери қызметкерлерінің жаттығуға қатысу үшін Ресейге баратынын ресми хабарлады. Сондай-ақ министрлік Қытайдың бірлескен оқу-жаттығуға қаты­суы «қазіргі халықаралық және аймақтық жағдайға байла­ныс­ты емес» деп мәлімдеді. «Мақ­сат – қатысушы елдердің әскер­лерімен практикалық және достық ынтымақтастықты те­реңдету, қатысушы тараптардың стра­те­гиялық ынтымақтастығы дең­гейін арттыру және қауіпсіздіктің әр­түр­лі қатерлеріне жауап беру қабі­летін күшейту» делінген ресми ақ­паратта.

Синьхуа агенттігі таратқан мә­ліметке сәйкес Қытай Халық азаттық армиясы өткен жексенбіде Тайвань аралының айналасында жаттығулар өткізген. «Қытай мен АҚШ арасындағы келіссөздер кейінге қалдырылғаннан кейін ҚХР Тайвань жағалауында әскери жаттығуларын қайта бастады», деп мәлімдеді The Guardian басылымы. Осыдан бір жыл бұрын екі ел Қытайдың солтүстік-ор­талық бөлігінде 10 мыңнан астам әскерді қамтыған бірлескен әс­кери жаттығу өткізді. Ресей қор­ғаныс министрі Сергей Шойгу Қы­тайдың Нинся қаласында өткен «Сибу/Ынтымақтастық-2021» жат­тығуларын жоғары бағалап, бұл іс-шараны одан әрі дамытуға бо­латынын айтты. Ал Ресей мен Қытайдың бірлескен әскери-те­ңіз жаттығуларының енді бірі қазан айында Жапония теңізінде ұйым­дастырылды. Содан бірнеше күннен кейін екі алпауыттың әскери кемелері Батыс Тынық мұхитында алғашқы бірлескен патрульдік қимыл жүргізді. Осы жылдың 24 ақпанында Ресейдің Украинаға басып кіруінен аз уақыт бұрын Бейжің мен Мәскеу «шекарасыз» серіктестік туралы келісім жа­риялады. Жалпы, Ресейдің Шы­ғыс әскери округіне Сібірдің бір бөлігі кіреді және штаб-пәтері Ха­баровскіде, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан.

Қытай мен Ресей қаншалықты жақын?

«Си Цзиньпин мен Владимир Путиннің билігі тұсында Бейжің мен Мәскеу Батыстан оқшауланып, бір-біріне жақындай түсті», дейді сарапшылар. Ресей Украинаға Владимир Путин Бейжіңдегі қысқы Олимпия ойындарына барғаннан кейін бірнеше күн өткен соң басып кірді. Олимпиада шеңберінде екі ел басшылары арасында «тығыз ынтымақтастықта болатыны» айтылған бірлескен мәлімдеме  жасалды. Сондай-ақ олар Ба­тысты «қырғи-қабақ соғыстың идеологиялық тәсілдерінен бас тартуға» шақырып, Украина мен Тайваньға қатысты бір-бірінің ұстанымын қолдайтынын білдірді. Сарапшылардың пікірінше, көшбасшылардың бірігу мақсаты – Батысқа қарсы әрекет жасау. «Бейжіңнің Қытай-Ресей қарым-қатынасының негізі екі елдің де жауы Батысқа қарсы тұруында және олар бөлек емес бірге болса, Батыстың қысымына қарсы тұру оңайырақ болады деп сенеді», деді Брукингс институтының Қы­тай және Азия елдерін зерттеуші Райан Хасс The Guardian-ға берген сұх­ба­тында. Сондай-ақ ол «Қытай мен Ресей­дің мүдделері мүлдем бірдей емес екенін есте ұстаған жөн», дейді.

Қытайдың қақтығыс туралы көзқарасы

Өткен жұмада жыл сайынғы «екі сессия» жиналысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында премьер-министр Ли Кэцян Қытай қақтығысқа қатты алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. «Украинада қазіргі жағдай өте қиын. Қазіргі ең басты міндет – шиеленістің кү­шеюіне немесе тіпті бақы­лаудан шы­­ғып кетуіне жол бермеу», деді ол.

«Бейжің өзін бейтарап етіп көрсетуге тырысуда және делдал ре­тінде әрекет ете алатынын білдірді», дейді сарапшылар. Ал қытайлық шенеуніктер АҚШ пен НАТО-ны шиеленісті күшей­тіп отыр деп айыптады. «Қы­тай Ресейге жан-жақты стра­тегиялық серіктестігі арқылы қол­дау көрсетуді жалғастыруда және НАТО-ның кеңеюіне және Ре­сейге қарсы санкцияларына қар­сы», деді бейбітшілік үшін Кар­неги қорының өкілі Паул Хенле халықаралық China File басылымына берген сұхбатында.

Сарапшылардың айтуынша, негізі Ресей Қытайдан жаһандық санкциялар жариялана бастаған кезде әскери техника мен қолдау, сондай-ақ экономикалық көмек сұраған. Бұған Қытайдың нақты жауа­бы ақпарат көздерінде көр­сетілмейді, алайда бұдан хабардар болған АҚШ Қытайға ескерту жасағаны айтылады. Қытайдың кейінгі хабарламаларында АҚШ-тың одақтастарға жолдаған дипло­ма­тиялық хаттарына сілтеме жасай отырып, Ресейдің ұшқышсыз ұшақтар, брондалған көліктер және жер-әуе зымырандары сияқ­ты жабдықтарды сұрағаны және Қытайдың келісімге келуге дайын екендігі айтылған. Ал ҚХР-дың Вашингтондағы елшілігінің өкілі Лю Пэнгю мұндай хабар туралы бұрын-соңды естімегенін айтады.

АҚШ шенеуніктері Қытай Ресейге экономикалық және қар­жылық қолдау көрсетуге шешім қа­былдап, ұш­қышсыз ұшақ­тар сияқты әскери техникаларды жіберуді қарастырып жатыр деп алаңдайды.

«Ресеймен қарым-қатынас Си Цзиньпин үшін маңызды болып қала береді және «үзіліп жат­қан» Ба­тыспен одақтасу үшін Мәскеуден бас тартуы екіталай», деген пікірде Гер­­мания Маршалл қорының Азия бағ­дарламасының директоры Бон­ни Глазер. «Қытай Мәскеуге санкциялардың салда­рын жеңілдетуге көмектесу жолдарын табуы мүмкін. Оның Иран мен Солтүстік Корея­ға бағыт­талған санкцияларды бол­дырмауға көмектесу үшін қол­дан­ған сценарийі бар, соған қарап Қытайдың ықтимал әрекет­терін болжауға болады. Ал Қы­тайдың тікелей әскери көмек көр­сетуге ынтасы шамалы», деп қосты ол. Сонымен қатар «Бей­жің, біріншіден, халықаралық тұрақ­тылықты, екіншіден, халықаралық санкциялардың салдарынан Ресей экономикасы мен саясатының күй­ремеуіне кепілдік беруді, үшін­шіден, Ресейдің қақтығыстарға бағыт­талған әрекеттерінің жақ­тасы ретінде көрінбеуін қа­лайды», деді Аустралия ұлттық универ­ситетінің саясаттанушысы Вэн-Ти Сон China File басылымында жарияланған пікірінде. Ал Брукингс институтының Қытай және Азия зерттеушісі Райан Хасс­тың айтуын­ша, Қытай «Ресейге қолдау көрсетуге риторикалық түрде берілген» болып қала береді, бірақ екінші реттік санкцияларды болдырмау үшін әрекет жасайды. «Мен Қытайдың Ресейге кез келген материалдық қолдау көрсетуде сақтық танытуын күтемін, өйткені мұн­дай қолдау Украинадағы қақ­ты­ғысқа әсер еткенімен, Қытай­дың Батыспен қарым-қатынасын одан әрі ушықтыруы мүмкін», де­ді ол.

Сондай-ақ сарапшылар екі елдің қарым-қатынасын сараптай отырып, Қытай Ресейдің Украи­наға басып кіретінін алдын ала білді ме екен деген сұрақты қоз­ғайды. Өйткені Ресей мен Қы­тай арасындағы серіктестікке қол қою уақыты Путиннің Украинаға басып кіру уақытына сәйкес келеді. Кейбір америкалық сарапшылар мен шенеуніктердің болжамынша, Бейжің Ресейдің Украинаға қатысты жалпы жоспары туралы білген, бірақ олардан нақты бей­хабар. Ал Бейжің болса мұны жоққа шығарады. Сәрсенбі күні The Washington Post газетінде Қытайдың АҚШ-тағы елшісі «соғыс туралы білген, онымен келіскен немесе үнсіз қолдаған» деген кез келген пікірдегі айып­таулар жалған ақпарат екенін айтты. Ал Маккуари университетінің доценті, Chatham House қауымдас­тығының қызметкері, доктор Корт­ни Дж.Фунг негізі Қытай жауап­кершілігі зор алып ел ретінде таныл­ғысы келетінін айтады. Сон­дықтан Украинаға қатысты мәселеде ол «гуманитарлық көмек, бейбіт тұрғындарды қорғау, эвакуациялау сияқты екінші деңгейлі мәселелерге назар аударуда» деген пікір білдірді.

«Украинадағы қақтығыс кү­шейген кезде Ресей тағы да халық­аралық қысымға ұшырап, Ба­тыспен қарсыласу үшін шетелдік одақтастарды іздеуде. Сондықтан қазіргі жағдайда Қытай Ресейге емес, керісінше, Ресей Қытайға көбірек мұқтаж», деді Мәскеудегі Кар­неги орталығының «Азия-Ты­нық мұхиты аймағындағы Ресей» бағдар­ламасының төрағасы Александр Габуев. Сондай-ақ Габуев Мәскеудегі көңіл күйді сипаттай отырып, «Қытай өте праг­матикалық бағытты қолданып отыр және көптеген басымдыққа ие. Екі­жақты келісімге келерде Қы­тайдың келіссөздердегі ұс­та­нымы күннен-күнге күшейді, сон­дықтан Ресей Қытаймен тез арада келісімге қол қойды», деді ол.

Екі алпауыт елдің байланысы қандай деңгейде өрбісе де, Қазақ­стан Ресей мен Қытай елдерімен арадағы дос­тыққа, экономикалық, шекаралық ын­тымақтастыққа құрылған саяси ұста­нымын өзгертпек емес.