Ахмет Байтұрсынұлы • 06 Қыркүйек, 2022

Ана тілін ардақтаудың бастауындағы Ахаң

4692 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қазақ халқы­ның тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, қоғам қайраткері, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Ана тілін ардақтаудың бастауындағы Ахаң

«Бүгін бір керемет ғажайып күн. Себебі ұлт ұстазы, Алаштың кө­­се­мі, Ахмет Байтұрсынұлының ту­ған күні. Міне, мерекеміз Нұр-Сұл­тан қа­­ласы әкімдігі, Ғылым және жо­ғары білім министрлігі және басқа да құ­­зырлы органдар, зиялы қауым өкіл­­дері, Жазушылар одағы­мен бір­­­ле­­сіп, елордадағы Қаламгерлер ­ал­­лея­­­сында орналасқан «Алаш қайрат­кер­­­­лері» ескерткішіне гүл шоқта­­рын қою рәсімімен басталды. Игілікті ­іс-шара Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінде ғылыми ­кон­ференциямен жалғасты. Сонымен қатар «Мемлекеттік тіл және БАҚ» бай­қауының қорытындысы шықты. Бүгінгі мереке республика бойынша тойланып жатыр. Ахмет Байтұрсынұлы­ның елге сіңірген еңбегіне мән берсек, бұл ұлттың, жасампаздықтың, мә­дени интеллектуалдың мерекесі деуге болады. Себебі балаларымыз мектепке барып жатыр, жастары­мыз шетелде білім алып жатыр, қазақ­тың білімі мен мәдениетінің өрі­сі ке­ңейіп жатыр. Соның басында тұр­ған тұлғаларымыздың бірі – Ахмет Бай­тұр­сынұлы. Ол кісінің ең­бек­тері сол за­манмен қалған жоқ, бүгінге же­тіп, біз пайдаланып жүрміз. Оның та­ғы­лымды ізі сайрап жатыр», деді Ш.Шаях­ме­тов атындағы «Тіл-Қа­зы­на» ұлттық ғы­лыми-практикалық ор­та­лығының бас директоры Ербол Тілешов.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқы тілдерінің ХХІV қалалық фестивалі аясында қыркүйек айының соңына де­йін елордада Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және тіл мерекесіне орай әртүрлі форматта іс-шаралар өткізу жос­парланған.

н

«Қоңыр күзде елордамызда жыл сайын Тілдер мерекесі басталады. Мұ­ның бір жағы символикалық мәні бар. Ол о баста қазақтың тілі, қазақтың тағ­дыры үшін шырылдаған ұлт­тың рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұрсынұлының туған күніне орай ұйым­­дастырылған. Сондықтан бүгінгі мерекенің маңызы зор. Бір жағы Ахаң бастаған Алаш арыстарына құрмет, ілтипат көрсету. Биыл ЮНЕСКО көле­міндегі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерекесі тойланып, әр өңірде Ахаңның құрметіне түрлі іс-шаралар өтуде. Бұл кісілер елдің ертеңі үшін алтын бастарын бәйгеге тікті және сол жолда құрбан болды. Сондықтан бү­гінгі ұрпақтың санасында, келешек ұрпақ­тың жадында Ахаңдардың ерен ерлігі сақталуы керек және одан тәлім алу керек», деді Жазушылар одағының елордадағы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы.

н

Гүл қою рәсімінен кейін Әділетті Қа­зақ­станның мемлекетшіл-идео­ло­гия­лық, ғылыми-интеллектуалдық, мәдени-та­нымдық ізденісін, тәжірибесін, әле­уе­тін танымалдандыру орайында Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын жаңа­ша зерт­теп-зерделеу, тіл білімі мен әде­­биетта­ну көшбасшысының ғылыми қағи­дат­тарын, тұжырымдамала­рын білім, мәдениет, т.б. бағыттарда ­сала­­ланды­ру, ахметтанушылардың жаңа буы­­нын қалыптастыруға септесу, жоғары және орта мектептің А.Бай­­тұрсынұлы мұ­расын оқу және тәр­бие үдерісінде пайдалануға байланыс­ты тәжірибесін талқылау және озық тәжі­рибелерді на­сихаттау мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті.

н