Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуатының жетіспеушілігі орын алатынын, аталған мәселені шешуді қазірден бастап ойластыру керегін айта келе елімізде атом электр стансасының құрылысын салуға қатысты мәселелерді зерделеуді тапсырғаны белгілі. Бұл ретте Мемлекет басшысы халықтың мүддесі мен пікірі назарға алынатынын да айтқан болатын. Қазіргі уақытта қоғам тарапынан аталған жобаның жай-жапсары жан-жақты және ашық талқыланып жатыр. Отандық мамандар шет мемлекеттердің осы саладағы іс-тәжірибелерін кеңінен зерделеу үстінде.

Мәселен, қазақстандық мамандар жуырда бірқатар елдің атом электр стансасын салу мен іске қосудағы іс-тәжірибесімен танысып қайтты. Соның бірі Түркия Жерорта теңізінің жағасында елдегі алғашқы «Аккую» атом электр стансасының құрылысын жүргізуде. Таяуда оның төртінші энергоблок құрылысы басталды. Айта кететін бір жайт, атом қуатының технологиясы бірнеше мемлекеттердің әріптестігінен құралған. Сондықтан «Аккую» жобасын да халықаралық консорциум жүзеге асырып жатыр. Айталық, реактор қондырғысы – «Росатом» корпорациясына еншілес «Атомэнергомаш» құрылымының жұмысы болса, ал турбиналарды General Electric француз кәсіпорны қамтамасыз етеді. Түркиядағы технологиялар мен халықаралық «атом» кейстерін зерделеу мақсатында «Қазақстандық атом электр стансасы» ЖШС жобалық ұйымының сарапшылары мен бірқатар қоғам белсенділері арнайы барған болатын.
«Аккуюда» қазір бір мезетте төрт энергоблок салынып жатыр. Құрылысқа 25 мың адам тартылған, арнайы техникада да қисап жоқ. Жұмысшылардың 80 пайызы – жергілікті тұрғындар. Келешек АЭС аумағында халықаралық ұжым еңбек етіп жатыр деуге болады, жуықта бұл жобаға Қазақстаннан да 150 маман тартылды. Бұл ірі энергетикалық жоба елдің оңтүстік аймағының дамуына айтарлықтай серпін береді деп күтілуде. Құрылысты Түркия мен Ресейдің арасында 2010 жылы қол қойылған Үкіметаралық келісімге сәйкес «Росатом» корпорациясы жүргізуде. «Аккуюдың» бірінші кезегін пайдалануға беру келер жылға, яғни Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңына жоспарланып отыр.
Қазақстандық делегация Шығыс кемежай жағында болып, сорғы стансасы, балқытуды оқшаулау құрылғылары, реактордың қорғаныс қабаты, турбоагрегаттардың іргетасын салу барысының түрлі кезеңдерімен егжей-тегжейлі танысты.
Өндірісті ұйымдастыру және құрылыс бойынша директор Денис Сеземин құрылыстың әр кезеңі жөнінде әңгімелеп, әсіресе қауіпсіздік мәселесіне ден қойылғанын, құрылысты бақылаумен төрт бірдей тәуелсіз компания айналысатынын, оның ішінде Түркия тарапының мемлекеттік реттеушісі саналатын Ядролық энергетика агенттігіне ғана бағынатын белгілі француз компаниясы ASSYSTEM бар екенін жеткізді.
– Бұл – бүгінде әлемдегі ең ірі атом стансасы. Тәулік бойы бірнеше ауысыммен жұмыс істейміз. Қауіпсіздік мәселесіне қатты көңіл бөлінеді. Гүлнар мен Силифке аудандарының аумағында радиациялық жағдайдың автоматтандырылған жүйесінің 19 бекеті жұмыс істейді. Радиациялық ахуал бойынша ақпарат сайтымызда онлайн режімде қолжетімді. Ашық есік күндері жүйелі өтіп тұрады. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі стансада болды. Қоғамды АЭС құрылысы қалай салынып жатқанымен таныстырып отырамыз. Біз қауіпсіздік пен сапаға жауап береміз, – дейді Д.Сеземин.
Қазақстандық делегацияға арналған баспасөз мәслихатында «Аккую Нуклеар» компаниясының басшысы Анастасия Зотеева мен оның орынбасары Сергей Буцких стансаға түрік мамандарын даярлау жөнінде де әңгімеледі. Стансаның келешектегі инженерлері кешенді күрделі міндеттерді оқып үйренуде. Росатом мамандарының айтуынша, бұл елдің дамуына үлкен серпіліс беретін жоба болмақ.
Ең негізгі басымдық, әрине, экологиялық қауіпсіздікке беріледі.
«Аккую» АЭС құрылыс алаңында тау да, теңіз де бар. Біз тауларды кесіп, тау жынысын теңізге жайдық. Мұның бәрін түрік экологтарының қатаң қадағалауымен атқардық. Түркияның заңнамасы өте қатаң. Біз Түркия парламентімен жұмыс істедік, қоғамдық тыңдау өткіздік. Осылайша, түрік билігінің көзін жеткізіп, барлық келісімін алып барып қана 2018 жылы толық көлемдегі құрылыс жұмыстары басталды», дейді Анастасия Зотеева.
Сергей Буцкихтің айтуынша, «Аккуюда» қолданылатын 3+ буынындағы ядролық технология таза болашақ энергиясының көзі.
Қазақстандық делегацияның жетекшісі, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов «Аккую» АЭС-інің құрылысын зерделеу Мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы пайдалы тәжірибе болғанын, бұл келешекте Қазақстандағы АЭС құрылысын жүргізу барысында жобалық-өндірістік әріптестерді таңдауда дұрыс шешім қабылдауға септесетінін жеткізді.
– Жалпы, біз Түркияның оңтүстігіндегі АЭС құрылысының аталған өңірдің экономикасына қан жүгіртіп отырғанын байқадық. Мұнда жеке құрылысшылардан бөлек, түрлі мердігерлік ұйымдар жұмысқа тартылған, олардың ішінде әр саладағы 400-ден астам түрік компаниялары тапсырыстар алған. Бірнеше ауданның инфрақұрылымы жақсарған, жаңа кенттер мен қонақүйлер салынып, сауда көлемі өсе түскен. Осының барлығын қарай отырып, қазақстандық сарапшылар мен қоғам өкілдері «Аккую» мысалында Қазақстанда салынбақ атом электр стансасының да пайдалы жағын көреді деп ойлаймын, – деді Ғ.Ауғанов.
Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, Энергетиктер одағының басшысы Марат Дулкаиров бүгінде елімізде атом энергетикасының баламасы жоқ екенін алға тартады. Мәселе тек қателікке жол бермейтін дұрыс технологияны таңдауда ғана тұр. «Өйткені қазіргі кезде әр елдің, тіпті кішігірім «мобильді» реакторларына дейінгі технологиясын қарасаңыз, таңдау өте көп екенін байқайсыз. Алайда АЭС түрлерімен тәжірибе жасауға біздің моральдық құқымыз жоқ. Еліміздің тағы да сынақ полигонына айналмау керегін нақты түсінгеніміз абзал. Сондықтан бізге сыннан өткен, жан-жақты пысықталған дайын технология қажет», дейді М.Дулкаиров.
Сарапшы Қазақстанның оңтүстігіндегі қуат тапшылығы бес облысты қамтып отырғанын, аталған аймақ энергиямен 60 пайызға ғана қамтылғанын жеткізді. Сондықтан да мамандар елімізге базалық қуаты 2500 мегаватт деңгейіндегі атом стансасы қажет деп санайды. Бұл ретте Балқаш көлінің маңы өте қолайлы.
«Қазақстандық атом стансалары» компаниясының бас директорының орынбасары Ринат Оқасов «Аккую» мұқият зерделенген бірегей нысан екенін айтады. «Росатом – атом электр стансалары құрылысын салу мен пайдалануға беру саласында іргелі құзыреттілікке ие халықаралық деңгейдегі корпорация. Бұл кәсіпорын Венгрия, Бангладеш, Мысыр, Беларусь және т.б. 12 елде 35 энергоблокты іске қосқан. Сондықтан қазір олардың жобасы біздің де шорт парағымызда тұр», дейді Р.Оқасов.
Қазақстандық делегация мүшелері «Аккую» құрылысында жұмыс істеп жүрген Мират Қадисов, Ербол Сағымбаев, Хасан Аладинов секілді қазақстандық жас инженерлермен де кездескен екен. Олар – Түркияда бірнеше жыл қатарынан еңбек етіп келе жатқан болашағынан үміт күтетін мамандар. Қазақстандық инженерлер осы құрылыста жинаған тәжірибелерін келешекте туған жерде пайдаланатындарына сенімді.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар