Жұмыс сапары аясында Серік Жұманғарин фермерлермен кездесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзекті мәселелерін пысықтады.
Мәселен, 20 мың құс өсіретін 12 фермасы бар «ECO-CHICKEN» ӘКК жылына 200-210 тонна тауық етін өндіреді. Мұның бәрін 12 адам қамтамасыз етеді. Бүгінде кәсіпорын шағын құс фермаларын салу жобасын әзірлеп, кооперативке біріктірді. Әрбір шағын ферма 1600 бройлерге есептелген және жылына 3,8 млн теңгеден таза пайда алуға мүмкіндік береді.
Фермерлердің айтуынша, биыл қазақстандық пияздың төрттен үш бөлігі өсірілетін Жамбыл облысында осы дақылдың өнімі ойдағыдай болады деп күтілуде. «Самғау» шаруа қожалығы 4500 тонна пияз жинауды жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты тоннаға көп. Ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 470 гектардан асады. Мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған.
Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкімет аграрлық өндірушілерді қолдау үшін енгізіп жатқан жаңа тәсілдер туралы айтып берді. Қолда бар айналым қаражаты шеңберінде негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, атап айтқанда көкөністер, сүт өнімдері, күріш, ұн, әлеуметтік нан, жұмыртқа, қарақұмық, тұз, сиыр еті, тауық еті, күнбағыс майы және қант өндірушілерді қаржыландыру схемалары қайта қаралып жатыр.
«Самғау» шаруа қожалығының басшысы Евгений Трубников өнімдер бағасын тұрақтандырудың негізгі мәселесі айналым қаражатының жетіспеушілігі екенін айтты.
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өнімді Қазақстанның батыс өңіріне көкөніс қоймаларында сақтау және батыс облыстардың нарықтарында өткізу үшін жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Біз Қазақстанның батыс өңіріне пияз жеткізу схемасын әзірлеуге және осы облыстарда пиязды қыстың соңында және көктемде сақтап, сату үшін айналым қаражатын бөлуге көмектесуге дайынбыз. Ал сіз өз тарапыңыздан бағаны тұрақтандыру керексіз, сондықтан маусымаралық кезеңде ол 150 теңге емес, айтарлықтай төмен болып, күрт қымбаттамауы тиіс», деді Серік Жұманғарин.
Бұл мәселені Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті қарастырады.
Сонымен қатар тұрғындар сүт бағасына, құрал-саймандар бағасының өсуіне қатысты және тағы басқа сұрақтар қойды.
Іссапар барысында Серік Жұманғарин жасыл желек пен балық өсіруге маманданған Greenwill жылыжайына барып, жұмысымен танысты. Оңтүстік Кореяның бірегей технологиясы тыңайтқыш ретінде балық қалдықтары қолданылатын органикалық өнім, көк шөп өсіруге мүмкіндік береді.
Сапар соңында вице-премьер ет өнімдерін өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын және 20-дан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «Первомайские деликатесы» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен де танысты.