Президент • 14 Қыркүйек, 2022

Бейбітшілікті сақтауға бәріміз мүдделіміз – Президент

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінде баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейбітшілікті сақтауға бәріміз мүдделіміз – Президент

Фото: Ерлан Омар

«Бұл бейбітшілікті сақтауға және өркениет аралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Өзгеріске толы әрі белсіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар. БҰҰ-ның, басқа да халықаралық ұйымдардың басшыларына, саясаткерлерге және сарапшыларға ризашылығымды білдіремін. Съезд өткізу туралы бастамамызға сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз еліміз үшін өте маңызды. Аса қадірлі дін басылар, құрметті қауым Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар съезі бүгінде жаһандық деңгейдегі өркениетаралық диалог алаңына айналды. Бұл форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді. Ұлы дала төрінде небір алып көшпелі империялар өмір сүрген. Діни ұстамдылық олардың бәріне ортақ сипат», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.