Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын омбудсмен пайда болады

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрлігі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын омбудсмен пайда болады

Құжат тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.

Атап айтқанда, құжат омбудсменнің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін, оны тағайындау және қызметтен босату тәртібін айқындайды.

Осылайша, Президент омбудсменді төрт жыл мерзімді қызметке тағайындайды. Бұл ретте омбудсмен мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін.

Омбудсмен лауазымына тағайындалатын үміткер келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу және Қазақстан аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұру;
  • Жоғары білім;
  • Жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Кем дегенде 35 бес жаста болу;
  • Қазақ және орыс тілдерін меңгеру.

 

Заң жобасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің қызметін де айқындайды.

Тұтастай алғанда, заң жобасы бойынша тұтынушылардың құқықтары келесі қағидаттарға негізделіп қорғалады:

  • Заңдылық, объективтілік және жариялылық;
  • Тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыс нәтижелерімен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету;
  • Тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыру және ағарту;
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
  • Сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)туралы ақпараттың қолжетімділігі және анықтығы;
  • Тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру үшін олардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу;
  • Жеке ақпаратты және тұтынушылар туралы деректерді қорғауды қамтамасыз ету.

 

Заң жобасының толық нұсқасы 7 қазанға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.