17 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №310

311 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2014 жылғы 2 сәуір, Астана, Үкімет Үйі «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы №805 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның, сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы №805 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №33, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 310 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы №805 қаулысымен бекітілген Тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы №385 Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді жэне «Тұқымдық және отырғызу материалының сорттық және себу сапасын айқындау» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 3. Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының сорттық және егістік сапасын тұқымдық сараптау (бұдан әрі - сараптау) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы бірегей және элиталық тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, сондай-ақ мемлекеттік тұқым ресурстары үшін міндетті түрде жүргізіледі. 4. Тұқымдарды сараптауды тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханалар жүзеге асырады. 2. Тұқымның сапасына сараптама жүргізу тәртібі 5. Тұқымның сапасын сараптау қолданыстағы стандарттарға (бұдан әрі - стандарт) сәйкес өнгіштігі және (немесе) өміршеңдігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы (толық талдау) көрсеткіштері не көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуі (толық емес талдау) бойынша жүргізіледі. Мақта тұқымының сапасын сараптау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: өнгіштігі, ылғалдылығы, жетілгендігі, механикалық зақымдануы, 1000 дәннің салмағы, арамшөп араласуы, қамбалық зиянкестермен залалдануы, қызып кетуі, талшық қалдығы, түктену қалдығы. 6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, мемлекеттік сорт сынау учаскелері мен станцияларының, сондай-ақ сақтауында мемлекеттік тұқым ресурстарын сақтап отырған астық қабылдау кәсіпорындарының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша тұқымның сапасына зерттеу жүргізу санын жергілікті атқарушы органдардың аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) басшысының бұйрығымен құрылған, кемінде бес адамнан тұратын комиссия айқындайды. Комиссияның құрамына бөлімнің, жер ресурстарын басқару жөніндегі органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. 7. Тұқымды сараптауды жүргізу үшін бөлім мен тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана арасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашьшығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен үлгіде тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау бойынша көрсетілетін қызметтер туралы екі данада шарт жасалады. 8. Сапаның нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін құюға, сақтауға және себуге дайындалған партиялардан тұқым сынамалары алынады. Тек себу үшін ғана арналған тұқым партияларынан сынамалар алуды тұқым өндірушілердің өтінімі бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханаларда тиісті дайындықтан өткен тұқым өндірушілер (олардың өкілдері) жүргізеді. Сатуға жатқызылған тұқым партияларынан сынамалар алуды тұқым өндіруші өкілдің қатысуымен бөлімнің тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Тұқымның партиясы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынаудан өткізу актісімен бірге жолданады. Сынамаларды іріктеу стандарттарға сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы №1279 қаулысымен бекітілген Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес айқындалған нысан бойынша сынамаларды іріктеу актісімен екі данада ресімделеді. Актінің бір данасы сынама алынған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісіне қалдырылады, екінші данасы сынамамен бірге тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханаға жіберіледі. 9. Тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері негізінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген нысандар бойынша тұқымның сапалылығы туралы куәлік немесе тұқымды талдау нәтижесін береді. Тұқымның сапалылылығы туралы куәлік егістік сапасы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша тексерілген (толық талдау) және стандарт талаптарына сай келетін тұқым партияларына беріледі. Тұқымның сапасы туралы куәлікті өнгіштігінің орнына тұқымның өміршеңдігі нормасын ескере отырып жиналған жылы себуге пайдаланылатын күздік дақылдардың тұқымына, егіске дейін он бес және одан аз күн бұрын ылғалдылығы мен зиянкестермен залалданғандығын айқындамай (сатуға арналған тұқымнан басқа) талдау жүргізілетін тұқымға беруге рұқсат етіледі. Тұқымды талдау нәтижесі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген көрсеткіпггердің бірі бойынша стандарттың талаптарына (толық талдау кезінде) сай келмейтін тұқымға, сондай-ақ сапалық көрсеткіштерінің барлығы бойынша тексерілмеген тұқымдарға да (толық емес талдау) беріледі. 10. Тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымның сапасы туралы куәлікті немесе тұқымды талдау нәтижесін өнгіштігі айқындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде береді. Тұқымдарға жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша тұқымның сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымдардың сорттық және егістік сапасын анықтау үшін көрсетілген қызмет туралы актілерін Министрлік бекіткен нысан бойынша үш данада жасайды, бір данасы тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханада қалады, екінші дана отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, үшінші дана бөлімге беріледі. 11. Сынаманың талдаудан қалған бөлігі ауданда осы дақылдың егісі аяқталғаннан кейін (аудандық статесептілікке сәйкес) бір ай ішінде тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханада сақталады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін немесе тұқым сынамасын қайталап талдауға алған кезде сынаманың қалған бөлігі отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қайтарылып беріледі. 12. Тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау жөніндегі қызметтер көрсету туралы акті негізінде бөлім Министрлік бекіткен нысанда аудан бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісін екі данада жасайды, екінші данасы жергілікті атқарушы органның облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) жіберіледі. Басқарма бөлім ұсынған көрсетілген қызметтерді бағалау актілерін тексереді, Министрлік бекіткен нысанда облыс бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды және оны бекітеді. Облыс бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық актісінің негізінде тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау жөніндегі көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тәртіппен қаржыландыру жүргізіледі. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне (төртінші тоқсанда тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей) басқарма тікелей және соңғы нәтижелердің нақты жетістіктерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаның орындалуы туралы есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Министрлікке ұсынады.