17 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №312

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 2 сәуір, Астана, Үкімет Үйі «Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы №83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы №83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №14, 251 -құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларында: 4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) қауымдастық құрылтайшыларының: аңшылық шаруашьшығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша үш жылдан кем емес; аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.