Аймақтар • 05 Қазан, 2022

Қарағанды облысында еңбек қауіпсіздігі сын көтермейді – Президент

3753 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуінде индустриясы дамыған өңірде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында еңбек қауіпсіздігі сын көтермейді – Президент

«Экология проблемасынан бөлек облыстың өндірістік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сын көтермейді. Қарағанды сияқты индустриясы дамыған облыс үшін бұл – маңызды мәселе», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мысалы, тек 2022 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ объектілерінде жұмысшылар қаза тапқан бірнеше оқиға тіркелген.

«Ірі компаниялар өндірісті жаңғыртуға әрдайым инвестиция құюы керек. Уәкілетті органдар өндірістік апаттардың көбейгені үшін кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтетін жүйелі шаралар қабылдауы қажет», деді Президент.