2014 жылғы 25 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
«Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі №1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 358-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі мындай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:
«
30 «Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу»
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.