Саясат • 09 Қазан, 2022

«Talqylau» тақырыбы – халықтық коалиция

329 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Amanat» партиясының Орталық аппаратында «Talqylau» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы сараптамалық талқылаудың тақырыбы – «Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция».

«Talqylau» тақырыбы – халықтық коалиция

Партия хатшысы Дәулет Кәрі­бек халықтық коалицияның құ­рылуы елімізде жаңа саяси мәде­ниеттің қалыптасқанын білді­ре­тінін атап өтті. «Бұл – елдегі бірліктің көрінісі», деді ол. «Қа­сым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың қоғамдық-саяси күштердің кең халықтық коалициясынан пре­зи­денттікке кандидат ретінде ұсынылуы – Мемлекет басшы­сы­н­ың және оның жүргізіп жат­қан ауқымды әлеуметтік-саяси рефор­малар бағытының халық тара­пынан кең қолдауға ие екендігінің бірден-бір дәлелі», деді Дәулет Кәрібек.

Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әр пар­тияның өз көшбасшылары бар екенін, бірақ бұл жерде мем­ле­кетшілдік, ұлттық тұрғыдағы мәселе тұрғанын атап өтті. «Басты мақсат – елде жасалып жатқан реформаларды соңына дейін жеткізу, олардың мызғымастығын қамтамасыз ету. Бұл істі соңына дейін ең үздік, ең дұрыс жолмен жеткізетін қазіргі Президент. Екіншіден, әлемдегі геосаяси жағдай ушығып бара жатыр. Осындай уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтан артық дипломат, қай­раткер тұлға жоқ. Сондықтан осы жағдаяттардың барлығын ескере отырып, үш партия да ел мүддесі жолында үлкен мемлекетшілдік танытып, басқа да 20-дан астам қоғамдық ұйыммен бірігіп, Тоқаев­тың кандидатурасын ұсы­нып отыр. Меніңше, бұл заңды құбылыс», деді ол.

Саясаттанушы, «Ақ жол» пар­тиясының мүшесі Бөріхан Нұр­мұ­хамедовтің айтуынша, ең бастысы – сайлау ашық болуы керек. Спикер кандидаттардың алдыңғы сайлауалды бағдарламаларының қаншалықты орындалғанын түсіну маңызды екенін атап өтті.

Мәжіліске «Amanat» партия­сынан сайланған депутат Жұл­дыз Сүлейменованың айтуынша, халықтың коалиция – мемлекеттің басына күн туған жағдайда біріге алатынымыздың нақты көрінісі.

Қолданбалы этносаяси зерт­теулер институтының директоры Талғат Қалиев басқосу кезінде бүгін­гі таңда Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың жеке рейтингі кез кел­ген қо­ғамдық ұйымның рейтин­гі­нен асып түсетінін айтты.

«Екінші жағынан, Прези­дент­тің барлық саяси партиялардан тең арақашықтықты ұстану – бұл саяси күштер үшін жаңа сы­нақ. Сайлаудан кейін партиялар бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге, сайлаушылармен қарым-қатынасты реттеуге мәжбүр бо­лады. Партиялар жүйелі өзге­ріс­термен айналысып, ел болашағын қа­лыптастыруға белсенді ара­ласуы керек», деді Талғат Қалиев.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ про­ректоры Жанна Құрман­ғалиева Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың сайлауға халықтың коали­ция­ның атынан түсуі қисынды екенін атап өтті. «Кез келген билік­тің маңызды функциясы – құн­ды­лықтарды дамыту, насихаттау ғана емес, ең алдымен оларды ұстану. Президенттің барлық партиядан бірдей арақашықтықта болу
ту­ра­лы шешімі биліктің негізгі құн­­ды­лықтарды ұстанатынын көр­­сетеді. Бұл бүкіл қоғам үшін ма­­ңызды. Жалпы, біз жаңа саяси жүйенің пайда болғанына куә болып отырмыз», деді ол.

Диалог алаңның модераторы, «Amanat» партиясы Саяси кеңе­сі­нің мүшесі, белгілі теле­жү­р­гізуші Мақсат Толықбай болды.

Еске сала кетейік, Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қол­дау жөніндегі халықтық коали­ция­ның форумы өтті. Форумға «Amanat», «Ақ жол», Қазақстан Ха­лық партиясы секілді саяси пар­­тиялардың және 20-дан астам республикалық қо­ғамдық бір­лес­тіктің екі мыңнан астам өкілі қатысты.