2022 жылдың 10 айында өңірде ұлттық жоба бағдарламасы аясында кредиттеу бойынша 11,2 млрд теңгеге 284 субсидиялау шарты жасалған. 252 кәсіпкер ұлттық жоба бағдарламасы аясында қол қойылған кепілдік шарттарының 3,6 млрд теңге сомасына кепілдік алды.
Жуырда журналистер түрлі қызмет көрсету салаларында бизнес-идеяларды жүзеге асыратын үш кәсіпорынға барып, кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларды қалай пайдаланғандарымен танысты. Алғашқы сапар «Медея Север» ЖШС болды. Мекемеде емделушілерге қажетті медициналық көмектің барлық кешенін заманауи жабдықтармен қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Компания 2021 жылы «Даму» қорына инвестицияларға жеңілдікті несие алу үшін жүгінген. Жобаны банкте мақұлдағаннан кейін «Даму» қоры жобаны субсидиялады. Жалпы, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 14,75%-ды құрайды, оның ішінде кәсіпкер тек 6%-ын төлейді, ал айырмашылықты «Даму» қоры субсидиялайды. Несие бойынша қосымша кепіл ретінде қордың несие сомасының 49% кепілдігі берілді.
Ал «Регион 715» ЖШС мектептер мен кеңселерге арналған заманауи жиһаз өндірумен айналысады. Кәсіпорын жиһаздың стандартты емес түрлерімен, жарқын және ерекше дизайнымен ерекшеленеді. Мектеп жиһаздарынан басқа, үй жиһаздарын өндіреді. Сонымен қатар Loft стиліндегі заманауи жиһаздарды да шығарады. 2020 және 2022 жылдары кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитін «Даму» қоры субсидиялады. Кәсіпкер үшін мөлшерлеме жылдық 6%-ды құрады, ал айырмашылықты «Даму» қоры төлейді. Сондай-ақ несиелеу бағдарламасы аясында 43% кепілдік берілді. Мұндағы қордың мақсаты – айналым қаражатын толықтыру.
Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Үшінші кәсіпорын – «AVAGRO» ЖШС. Бұл – Қазақстан мен Сібірдің астық егетін өңірлерінде жоғары тиімділікпен жұмыс істеу үшін арнайы жобаланған, ауыл шаруашылығы штангалық бүріккіштерін шығаруға маманданған өндірістік компания. Өндірістік өнімнің негізгі түрлеріне сыйымдылығы 2 500 литр болатын AVAGRO-tt25xx типті тіркеме бүріккіштер, сыйымдылығы 4 мың литрлік AVAGRO-tt40xx типті тіркеме бүріккіштер және ГАЗ-66, «Садко», КамАЗ және т.б. автомобильдер базасындағы сыйымдылығы 2 500 литр болатын AVAGRO-МК25хх типті өздігінен жүретін бүріккіштер жатады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы. Қордың бағдарламалары 3 негізгі бағыт бойынша іске асады: кәсіпкерлер үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту және қолжетімділігін арттыру; кәсіпкерлікті әртараптандыруға және оның индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесу. Сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту және ШОБ кәсіпорындарының топ-менеджменті, шетелдік тағылымдамалар, сервистік және ақпараттық қолдау негізінде ШОБ субъектілерінің кәсібилігін арттыру.
«Даму» қорының бағдарламасы бойынша 544 жобаға 5,56 млрд теңге бөлсе, оның ішінде 422 жобаға микрокредит бойынша 2,5 млрд теңге кепілдеме бөлінді. Ішінара кепілдік беру шарттары бойынша кәсіпкерлер қаржылай қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда қажетті жобалық сомаға дейін қосымша қаржыландыруға немесе «Даму» қорының кепілдігі есебінен қарыз сомасын ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
ПЕТРОПАВЛ