28 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 825

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Е.Х.Сұлтановты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Ерік Хамзаұлы Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 27 мамыр.  № 825

Ерік Хамзаұлы СҰЛТАНОВ

1956 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық  университетін бітірген. СултановИнститутты бітіргеннен кейін «Экибас­туз­шахтострой» комбинатында механик, аға прораб, бас инженер, бірлескен кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Павлодар облысында ағаш өңдеу комбинатының директоры, Екібастұз қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Экибастузшахтакурылыс» акционерлік қоғамының президенті болды. 1996-1998 жылдары Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Көлік және коммуникация министрлігінде департамент директоры, бас үйлестіруші,  комитет төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті қызметтеріне тағайындалды. 2013 жылғы сәуірден – «Қазавтожол» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.