Сергей Витальевич КУЛАГИН
1952 жылы туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын Целиноград облысы Астрахан ауданының Николаев кеңшарында инженер, бас инженер болып бастаған, кейіннен «Райсельхозтехника» өндірістік бірлестігінің басқарушысы, «Қызылжар» кеңшарының директоры болып істеді. Целиноград және Торғай облыстарының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. «Интеграция-Целина» халықаралық қорының президенті болды. Торғай облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше