Саясат • 09 Қараша, 2022

Дайындық жұмыстары тиянақты

310 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу шеңберінде Орталық сайлау комиссиясы мүшелері ел өңірлерінде көшпелі семинар өткізіп жатыр.

Дайындық жұмыстары тиянақты

Осы мақсатта Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Шымкент қаласы мен Түр­кістан облысына, ал Орт­сай­лау­ком мүшесі Сәбила Мұстафина Жетісу облысына барды.

Өңірлерде Ортсайлауком мү­ше­­лері аумақтық және учас­ке­лік сайлау комиссиялары, жер­гілікті атқарушы органдар, канди­дат­тардың сайлауалды штабтары, уә­­кілетті мемлекеттік органдар, құ­қық қорғау органдарының мү­ше­­­лерімен және БАҚ өкілде­рінің қа­тысуымен семинар өткізді.

Семинар аясында аумақтық сайлау комиссияларының мүше­лері мен жергілікті атқару­шы ор­ган­­­дардың өкілдері Ортсай­лау­ком мүшелерін президент сайлауы­на дайындық жұмыстарының бары­сымен таныстырды.

Шымкент қаласы әкімі аппа­­­ра­тының басшысы Ғабит Мәуленқұлов шаһарда 312 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін, сай­­лаушылар саны 634 818 адам­­ды құрайтынын хабарлады. Сай­лаушылар тізімі 30 қазанда сайлау комиссияларына берілген, ал 4 қарашадан бас­тап сайлаушыларға танысу үшін ұсынылған. Президент сайлауы туралы халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр. Қала бо­йынша 28 жарық диодты экран және 122 сайлау баннері орна­тыл­ған.

Мүгедектігі бар сайлаушылар саны – 7 514. Барлық сайлау учаскелерінде азаматтарға ар­нал­ған арнайы пандустар, нашар көретін азаматтарға арналған так­тильді жолақтар, арнайы бұ­рыш­тар және басқа да қажетті жаб­­дықтар бар. Дауыс беру күні мүге­­дектігі бар азаматтар үшін 28 «Инватакси» және 53 әлеуметтік такси ұйымдастырылады.

Электоралды оқыту аясында сайлау комиссияларының 2 382 мүшесі тестілеуден өтіп, сертификаттар алды.

Семинар жұмысына және Шым­кент қаласындағы прак­ти­ка­лық тренингке ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының өкілдері де қатысты. Прокуратура және ішкі істер ор­ган­дарының қызметкерлері се­ми­нарға қатысушыларды сайлау үдерісіне қатысушылардың сайлау заңнамасын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру, дауыс беру күні сай­лау учаскелерінде құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз ету туралы ха­бардар етті.

Түркістан облысының АСК төра­ғасы Әлібек Омарәлиев об­лыс бойынша сайлаушылар тізі­міне барлығы 1 163 860 азамат енгізілгенін хабарлады. Сайлау­шы­лар тізімі 30 қазанда учаскелік сайлауға берілді, ал 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды. Сайлау учаскесін нақтылау бойынша Call-орталыққа 2 139 қоңырау келіп түссе, 8 211 сұрау жеделхат-бот арқылы келген.

Түркістан облысы әкімі аппа­­ра­тының басшысы Әуелхан Тұрғымбековтің айтуынша, өңірде президент сайлауы туралы азаматтарды ақпараттандыру бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, өңірлік теледидарда 4 180 материал, ақпараттық сайттарда – 1 985, баспа БАҚ-та – 817, әлеуметтік желілерде 53 494 материал жарияланды. Сонымен қатар 613 сыртқы жарнама материалдары орналастырылды, адамдар көп жиналатын жерлерде 122 демонстрациялық экранда сайлау туралы бейнероликтер үнемі көрсетіледі.

Түркістан облысында мүге­дек­тігі бар 60 329 адамның белсенді сайлау құқығы бар. Облыстың сайлау учаскелері пандустармен және тактильді көрсеткіштермен қамтамасыз етілген.

Сайлау күні облыста мүгедек­тігі бар адамдарға 36 инватакси және 42 әлеуметтік такси қызмет көр­сетеді. Нашар еститін азаматтар үшін сайлау учаскелеріне жест тілінің 101 маманын тарту жоспарланып отыр.

Облыс әкімі аппараты басшы­сының орынбасары Бақытгүл Нү­сіпова облыста 447 сайлау учас­кесі бар екенін, сайлаушылар саны 445 762 адамды құрайтынын хабар­лады. Сайлаушылар тізімі 30 қазанда сайлау комиссияларына берілді, ал 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысу үшін ұсы­ныл­ған.

Облыстың аудандары мен қала­ла­рында 21 Call-орталық жұмыс істейді. Онда азаматтардан 300-ге жуық қоңырау түскен. Жеделхат-бот және «Сайлаушылар тізімінде өзіңді тексер» онлайн сервисі іске қо­сылды, оны 12 908 азамат пайдаланды.

Сайлау туралы 905 материал аймақтық теледидардан көр­се­тіл­ді. Баспа БАҚ беттерінде 306 материал жарияланды, интернет ре­сурс­тар мен әлеуметтік желілерде 20,4 мыңнан астам пост орналас­ты­рылды.

Жетісу облысында дауыс беру кезінде ерекше жағдайлар қажет 1915 мүгедектігі бар сайлаушы бар. 447 сайлау учаскесінің ішінен барлық дауыс беруге арналған үй-жайлар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан, 397 сайлау учаскесінде пандус бар.

Дауыс беру күні мүгедектігі бар азаматтарды сайлау учаске­ле­­ріне жеткізу үшін 70 елді мекенде «Инватакси» қызметінің 24 автокөлігінің жұмысын ұйым­дас­тыру жоспарланып отыр.

Семинар бағдарламасының екінші бөлімінде ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізді.

Дауыс беру күніндегі іс-қи­мыл алгоритмі бойынша сайлау комиссиялары мүшелерінің прак­тикалық дағдылары, оның ішінде дауыс беру күніне сайлау учаскесін дайындау, сайлау бюллетеньдерін беру, үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге арналған сайлау жәшіктерін тасымалдау, дауыстарды санау алгоритмі, дауыс беру қорытындылары бо­­йын­­ша хаттамаларды ресімдеу тек­серілді. ОСК-ның басқа мүше­лері сайлау комиссиялары мүше­ле­рі­нің іс-қимыл алгоритмі бо­йын­ша нақтылайтын сұрақтар қойып, дауыс беру рәсімін ұйым­дас­тырудағы басты міндет оның ашық­тығын қамтамасыз ету еке­нін еске салды.