Таным • 24 Қараша, 2022

Қыш құмыра

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде көне қыш құмыралардың алуан түрі сақталған. Солардың ішіндегі ерекшесі – түбі сүйірлеу, ернеуі шығыңқы формада жасалған мыс-тас (энеолит) дәуіріне жататын қыш құмыралар. Ол Торғай өңіріндегі Тоқанай деген жерден табылған.

Қыш құмыра

Бұл құмыралардың жасалу мерзімі біздің заманымызға дейінгі үш мыңжылдықтың ортасы мен екі мыңжылдықтың бастапқы кезеңіне келеді.

Ғалымдар оны Терсек мә­дениетіне тиесілі дейді. Тер­сек – энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Торғай өлкесін мекендеген тайпалардың мәдениеті. Ол жайында алғаш рет 1940-1950 жылдары А.Формозов зерт­теулерінде оған «терсек тұрақтары», «Тер­сек-қа­рағай мәдениеті» деп анық­­тама берген. Ал осы мәде­ниет туралы С.Қалиева, В.Логвин еңбек­терінде то­лы­­ғырақ қам­тылған. Әсі­ресе өткен ға­сырдың сексе­нін­­ші жыл­дарының орта­сы­­нан басталған зерттеу жұмыс­­тарында Торғай жеріндегі Дүз­бай-2, Дүз­бай-3, Бестамақ, Құм­кешу-1, Қожай-1, Қа­­йыңды-3,Тоқанай-2 се­кілді елді мекендердегі қаз­ба­лар­дан табылған жануарлар сүйек­терінің арасында, әсіресе жылқы сүйектері көп кездескен. Ғалымдардың пайым­дауынша, Терсек мәде­ниеті тайпалары ертеден қа­лыптасқан аңшылықпен қа­тар, мал шаруашылығын же­тік меңгерген. Оның ішінде жылқыны көп ұстаған болуы мүмкін дейді. Алайда Терсек мәдениетінің қола дәуірінің Андрон мәдениетіне тигізген ықпалы тереңірек зерттелмеген.