Қаржы • 24 Қараша, 2022

Жаңа ипотека мөлшерлемесі

274 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл соңына дейін жаңа ипотекалық бағдарлама жариялануы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қазір ведомство мен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» және мүдделі мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Биыл жыл басында ҚТК жылдық пайыздық мөлшерлемесі 12,5 пайыз болатын, орта класс үшін арнайы бағдарламаны таныстырған еді.

Жаңа ипотека мөлшерлемесі

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бұған дейін ұсынылған бағдарлама жобасының басты ерекшелігі – екінші деңгейлі банктер мөлшерлемесінің бір бөлігін (7 пайызын) мемлекет халық үшін өзі төлеп береді. Krisha.kz хабарлауынша, қазір шамамен мынадай шарт негізінде бағдарламаны іске қосу болжануда: алғашқы төлем – үй құнының 20 пайызы; несие мерзімі – 20 жыл; максималды займ сомасы – 15-35 млн теңге; мемлекеттен берілетін төлем тек алғашқы 10 жылға ғана жарамды.

Екінші деңгейлі банк мөл­шерлемесі былай есеп­теледі. Қазір Ұлттық банк белгілеген базалық мөл­шерлеме 16 па­йыз екені бел­гілі. Оған банк тарапынан тағы 5 пайыз қосылады. Сол 21 пайыздан мемлекет суб­сидиялайтын 7 пайызды ше­ге­ріп тастайды. Сонда халық үшін қалатыны – 14 пайыз. Бағдарлама шарты бойынша тек қана салынып жатқан және ҚТК кепілдігі бар тұрғын үйден немесе салынғанына 6 айдан аспаған кез келген кешеннен алуға болады. Сонда банк ставкасына қатысты ережеге сәйкес, егер қарыз алушы несиені 19 жылға рәсімдесе, онда қалған 9 жылды банктің толық ставкасымен төлейді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекет субсидиясы тек 10 жыл жұмыс істейді.

«Біз елімізде орта класс үшін ипотека қажет деп са­наймыз. Ұсынылып отыр­ған бағдарлама шынымен тұр­ғын үй жағдайын жақ­сарт­қысы келетін адамдар үшін қолайлы деп ойладық. Алайда, өкінішке қарай, еш­кімге қажетсіз бағ­дар­лама болып қалуы да ық­тимал. Неге? Себебі 14 пайыз – шыдас беретіндей ставка емес. Орта тапқа арналған бағ­дарлама мөлшерлемесі 10 пайыздан аспауы керек. Біз соны талап етеміз», дейді Қа­­зақстан құрылыс салушы­лар қауымдастығының пре­зиденті Виктор Микрюков.

Жалпы, ипотека – еліміз­дегі ең танымал қаржы өнімі. Жыл басынан бері 131,2 мың адам баспананы несиеге сатып алған. Бірінші несие бюро­сының ақпараты бойын­ша, 2022 жылдың 10 айын­да займ саны 1,2 пайызға өс­кен (2021 жылдың 10 айы­мен салыстырғанда). Бұл ретте ипотека сомасы да орта есеппен 18,8 пайызға өскен. Былтыр қаңтар-қазанда рәсім­дел­ген ипотека сомасы 13,1 млн теңге болса, биылғы сома – 15,5 млн теңге.

Ал төленбегеніне 90 күн­нен­ асқан займдар үлесі – 1,6 пайыз. Былтыр 1,9 пайыз бол­ған. Демек бұл сегментте проб­ле­ма­лық займ үлесі сәл де болса азайған.