28 Мамыр, 2010

ПРЕЗИДЕНТ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

520 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Ақмола облысының әкімі, саясаттану ғылымдарының докторы Сергей Дьяченко Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылары мен профессорлары, студенттерімен кездесіп, “Қазақстан жаңа онжылдықта: стратегия, философия және мемлекетті тиімді дамытудың жолы” тақырыбында лекция оқыды. Онда Қазақстан Республикасында Президенттік институтты белгілеудің жиырма жылдығы мен мемлекетіміздің кешегі, бүгінгі және ертеңгі жолдарына талдау жасалды. – Белсенді және өркениетті сту­денттік аудиториямен кездесу әрқашанда маңызды сипат алады, – деді аталған оқу орнының құрметті про­фессоры Сергей Александрович. – Оның үстіне бүгінгі Қа­зақстан қоғамы өз да­муы­ның шешуші кезеңін бастан өткеруде. Биылғы жыл тәуелсіз елімізді тұ­ғыр­лан­дыруда айрықша орын алатын Пре­зи­дент­тік институтты бел­гі­леудің 20 жылдығы, Қа­зақстан Республикасы Конс­ти­туция­сының 15 жылдығы, ЕҚЫҰ-ға Төра­ға­л­ы­ғы­мыз мере­ке­леніп жатқан әрі ел Тә­уелсіздігінің 20 жыл­­ды­ғына аяқ басқан та­рихи оқиғалармен ере­к­ше­ленеді. Қазақстан көз алдымызда эконо­ми­ка­лық қуатты, өзінің дер­бес, отандық бағытымен қа­рыштап алға басқан, жаңғырған және демо­кра­тиялық қоғам ретінде қалыптасты. Қазақ­стан­дықтар қол жеткен же­тіс­тіктеріміздің барлығын республикамыздың тұң­ғыш Пре­зи­денті Н.Назарбаевтың көп қырлы, кең ауқымды еңбегі мен сарабдал саясатымен байланыс­тырады. Бүгінгі күні көптеген саясат­кер­лерді, сарапшылар мен зерт­теу­ші­лер­ді қазақстандық тиімді тә­жіри­бенің сырына қатысты мәселелер қызықтырады. Мұның ешқандай жұмбақ жауабы жоқ. Біріншіден, бұл Президенттің өмірлік бай тәжірибесіне негіз­дел­ген ешкімге ұқсамайтын соны да қуатты тұлғалық комбинациясынан кө­рініс береді. Мұнда Қазақстан бас­шы­сы­ның өн бойынан батыс­еуро­палық де­мо­кратиялық бас­қа­рудың қай­нар­ларына бағытталған еуро­а­зиялық бастамалардың бай­ла­нысы мен шы­ғыс­тық даныш­пан­дық пен дип­ло­ма­тиялық батылдық байқалады. Мем­лекетті алдыңғы қа­тарлы және дамыған елдер қа­тарына қоса білген әлемдік дең­гейдегі саясаткерлер са­пын­дағы ұлт жетекшісінің рефор­м­а­тор­лық қыз­метінің тарихи орнын ке­лер ұрпақ тереңдеп бағамдайтыны анық. Екіншіден, Елбасының фило­со­фия­­­лық дербес ой қорыту қа­рымы мен дамудың инновациялық тұжы­ры­мы­нан өрбитін мемлекетті бас­қа­рудың өзіндік моделін іске асыру қабілеті назар аудартады. Еліміздің тәуелсіздігі мен мем­лекеттігін қалыптастыру әсте оңай ша­руа емес. Нұрсұлтан Әбішұлы айт­қанындай, тағдыр мұндай мүм­кіндікті 500 жылда бір рет бұ­йыр­тады. Міне, сол мүмкіндікті уыстан шы­ғарып алмау, көрегендік та­ны­тып, саяси тәуекелшілдік пен оның салдарларын дәл болжау саяси әрекеттегі жоғары өнер саналады. Осының арқасында біз­дің еліміз дамудың терең ойлас­тырылған, нақты есепке құрылған даму жолымен келеді. Тұңғыш Пре­зи­дентіміздің жетілдірілген макро­жо­балар негізіндегі “қазақ­стан­дық жол” атты стратегиялық бағдар­ламасының тиім­ділігі мен сәттілігі осында деп түйіндеуге бо­лады. Яғни, Қазақстан өз да­муы­н­дағы тр­анз­итті кедер­гілерді еңсеруде жо­ға­ры­дағы ұстан­ым­дар­ды басшылыққа алу арқылы уа­қыттан озық нә­ти­желерге қол жеткізді. Ел­басы Жол­дауларында “қазақ­стандық жолды” жетілдірудің жаңа бағыттары ай­қындалып, нақты тапсырмалар қойылуы да осыдан. Мұның өзі Президенттің басқару моделі бүгінгі көкжиектен асып түсетін мақсаттар мен міндеттердің нақты орын­далуына негізделгендігін көрсетеді. Мемлекеттік құрылыстың ал­ғаш­қы күнінен бастап Н.Ә.Наз­ар­баев ел дамуының ұзақ мерзімді болашағын айқын болжап, нақты әрі сәтті қадамдар жасай білді. Ол Қазақстан бірнеше он жылдан кейін қандай болуы керектігін, оған қалай жетуге болатындығын және бұл үшін не жасау қажеттігін білді. Ел алдында бір мезетте нарықтық экономикаға, демократиялық мем­ле­кеттік жүйеге және қоғамның ашық құнды­лық­тарына көшу сияқ­ты үш жақты транзиттік міндеттер тұр­ды. Бұл орайда “Қазақстан – 2030” Стра­те­гия­сы тактикалық тұр­ғыдағы ұтысты ұмтылысқа жол ашты. Осы ретте, әлемдік эконо­ми­калық дағдарыс дауылының Қа­зақстан тіршілігіне тигізген әсер­лерін де еске алған жөн. Ол көп мәселеде мем­ле­кеттік саясаттың тұт­қалы тәсілдеріне өз­герістер енгізді – біз барынша үнем­шілдік қа­ғидаттарын ұстандық. Эко­но­миканы дамытуда ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық жобаларға ба­сым­дық берілді. Бірақ, мемлекет өзінің түпкі мақсатынан – дамыған және табысты мемлекет құру бағытынан танған жоқ. Дағдарыс қоғам мен оның мүшелерін шы­нықтырып, ширата түсті. Президенттік басқарудың тағы бір тірегі – “жалпыдан жалқыға” негіз­дел­ген философиялық түйін. Бұл ор­айда заманалық саяси лидердің тарих пен болашақтың, теория мен тә­жіри­бенің, ди­пло­ма­тия мен батылдықтың бай­ланысын ше­бер орнықтыра біл­ген­дігін не­месе тұтқалы тұғырларды біріктіру бағытын ұстанғанын айт­қы­мыз келеді. Ол елдік шеңберді ғана емес, әлемдік ауқымды да қам­тыды. Қазақстан Еуразия ке­ңіс­ті­гін­дегі ин­тег­рациялық процестердің қозғаушы күшіне айналғандығы кездейсоқтық емес. ТМД, Еур­Аз­ЭҚ, Шанхай ын­тымақтастық ұйымы, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК және басқа ұйымдардың әлемдік абыройға бөленуінде Қа­зақ­стан мемлекетінің қозғаушы күшке ие болғандығы кездейсоқтық емес. Шығыс пен Батысты байл­а­ныс­ты­рушы буынға айналған елімізде әлем­дік және дәс­түрлі діндер ли­дер­лерінің съездерін өткізу дәстүрі қалып­тысты. Мемлекет ау­ма­ғындағы фи­лософиялық қа­ғи­дат­тың түп та­мы­ры орталық пен өңір­лердің бір­де­ң­гейлі байланысын ор­нық­­тырумен си­пат­талады. Сон­дықтан, эко­но­ми­каның күш­ті қыр­ларын кіріктіру, нарықтық еркін бәсекелестікті ай­қын жоспарлау және бағ­дар­ла­ма­лар негізінде да­мыту, ірі индус­трия­лық және қуат ке­шен­дерін құру сияқты ше­шуші қадамдар әлем назарын ау­дар­ды. Елба­сы­ның басшы­лы­ғы­мен мемлекттің бе­рік­тігі мен жұрт­шылық мо­йынд­аған демо­кра­тия­лық құн­ды­лық­тар тепе-теңдігі ор­нығып келеді. Президенттік басқарудағы ке­лесі маңызды тұжы­рымдама Қазақ­станды алға, жаңа көк­жиек­терге жетелейтін жетекшіге тән бастамалардан өрбиді. Уақыт әлемді, экономиканы, сая­сат­ты, қоғамды өзгертудегі пәрменділігін танытып отыр. Біздің көз ал­ды­мыз­да адамзат индус­трия­ландыру ке­зе­ңінен ақпараттық дәуір ықпалына ден қоюда. Бұл уақыт жүктеген мінд­ет­тер­мен иық тірестіру арқылы табысқа жетуді меңзейді. Яғни, әлемдік ауқымдағы өркениет арнасында даму үшін батылдықпен, жі­гермен қоса дәстүрлі емес ст­ра­тегиялық жолды айқын бағамдау қасиеті табысты болмақ. Осы жолда да Президент Н.Назарбаев үдемелі жаңғыру мен ізденіс қайнарларын ұсына білді. Мемлекет басшысы үнемі тек қана алға қарауды қалыптастыруға күш салуда. Өйткені, бүгінгі тарих артық ойлау мен эксперименттерге уақыт бере қоймайды. Біздің уақыт нақты шешімдер мен батыл қадамдарды талап етуде. Бұл негізсіз де емес. Кейбіреулердің кезінде “Қазақстан – 2030” Стратегиясына, елорданы Астанаға көшіруге, еркін даму аймақтарын құруға, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мүм­кін­дігіне, тағы басқа бастамашыл қа­дамдарға күдікпен қарағанын жасыра ал­маймыз. Бүгін осынау макро­жо­ба­лар табысты түрде жү­зеге асырылып, мем­лекет дамуына жаңа үрдіс пен сапалық мүм­кін­діктер тудырды, оның әлемдік беделін асқақтатты. Прези­дент Н.Назарбаевтың өз уа­қы­ты­ның көрнекті саясаткері, рефор­ма­то­ры, мемлекет қайраткері ретіндегі стра­тегиясы, философиялық тұ­жы­рым­­дары, батылдығы мен байып­ты­лығы бүгіндері өзінің сәтті қайтар­ым­да­ры­мен салтанат құрды. Қазақстанның даму сырларын байыптау Қазақстан Көшбас­шы­сы­ның отандас­тарымызды жарқын күндерге жігерлендіруші қа­сиетіне негізделген көп қырлы қызметі мен келбетін терең талдаумен тығыз байланысты, одан бөліп қа­рауға болмайды дейтініміз сондықтан. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.