07 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 528

380 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2014 жылғы 21 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласында кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекеменің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта: орталық аппараттың функцияларында: 64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «64) мемлекеттік еңбек инспекторларын аттестаттауды жүргізеді;»; мынадай мазмұндағы 64-1) тармақшамен толықтырылсын: «64-1) әлеуметтік-еңбек саласының кадрларын оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде: 1 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі.»; 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:» деген 7-бөлімде: мына: « Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 9 әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 9 әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» ». 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.