07 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №533

309 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
2014 жылғы 22 мамыр, Астана, Үкімет Үйі Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы №533 қаулысымен бекітілген «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей; мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қатаң есептілік бланкісі болып табылатын куәлік. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру www.azpp.gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары бойынша жүзеге асырылады. 7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) балалар тамағы өнімдеріне, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларға, генетикалық түрлендірілген объектілерге, бояғыштарға, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарына, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарға, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарға, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлеріне мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) алу үшін: көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны; дайындаушы (өндіруші) растаған өнімдер негізге алынып дайындалатын құжаттардың көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер); дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің (өнім үлгілерінің) негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасының көшірмесі; бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаттарының көшірмелері (нұсқаулық, басшылық, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші растаған оның көшірмесі); заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы растаған бақылаудағы тауарларға арналған олардың макеттері; көрсетілетін қызметті алушы растаған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері; зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары. Кеден одағына (бұдан әрі – КО) мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша: мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы құжаттардың көшірмелері; тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім өндірілетін елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және еркін айналысына рұқсат беретін құжаттарының көшірмелері немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер; мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады; порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны; 3) дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнімдерді жасауда негізге алынған құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер); 4) өнімнің (өнім үлгілерінің) негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы дайындаушы (өндіруші) жазбаша хабарламасының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері; 5) бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) бойынша дайындаушы (өндіруші) құжаттарының (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар) сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушы куәландырған (бар болса) өнімдер заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері; 6) заттаңбалардың (қаптамалардың) сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған олардың макеттері, өнімдер заттаңбаларының (қаптамаларының) куәландырылған көшірмелері; 7) тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушы куәландырылған өнімдер заттаңбаларының (қаптамаларының) куәландырылған көшірмелері; 8) зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері, (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары. КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша: 1) мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері; 2) тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған, осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында еркін айналысына рұқсат беретін құжаттарының сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері немесе мұндай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер; 3) мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттардың сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері ұсынылады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу мынадай: 1) ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өнімдерді дайындаушының не көрсетілетін қызметті алушының атауы өзгерген; 2) өнімдердің құрамына өзгерістер енгізілген; 3) олар бойынша өнімдер шығарылатын нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарға өзгерістер енгізілген; 4) қабылдануы гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, өнімдердің құрамына өзгерістер енгізуге әкелмейтін, өнімдерге қойылатын талаптарды қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акті шығарылған жағдайларда жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу кезіндегі құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны; 3) дайындаушы (өндіруші) растаған, өнімдер жасауда негізге алынған құжаттардың көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер); 4) дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің (өнім үлгілерінің) оларды жасауда негізге алынған құжаттардың талаптарына сай келетіні туралы жазбаша хабарламасының көшірмелері; 5) бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаттарының (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар) көшірмелері не оның көрсетілетін қызметті алушы растаған көшірмесі (болған жағдайда); 6) заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы растаған олардың бақылаудағы тауарларға арналған макеттері; 7) тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көрсетілетін қызметті алушы растаған көшірмелері; 8) зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері, (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары; 9) мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы). КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша: 1) препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған құжаттардың көшірмелері; 2) дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және еркін айналысына рұқсат беретін тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім өндірілетін елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған құжатының көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер; 3) КО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерінің әкелінуін растайтын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған құжаттардың көшірмелері ұсынылады. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады; порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны; 3) бұрын берілген куәліктердің сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық көшірмелері. Электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күнін көрсетіп отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымның тіркелі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі. Шағымда: 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы; 2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесіне қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Портал арқылы электрондық шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуін, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрмет ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша нысан _______________________________________ мемлекеттік органның атауы ______________________________________ басшының Т.А.Ә. ____________________________________ өтініш берушінің Т.А.Ә. _______________________________________ жеке куәлігінің (паспортының) № _____________________________________ заңды тұлға ұйымының атауы ____________________________________ мекенжайы, деректемелері (ЖСН/БСН) _______________________________________ өтініш берушінің байланыс телефоны Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуға ӨТІНІШ Сізден ________________________________________________________________ (өнімнің атауы) __________________________________________________ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүргізуді сұраймын. (қажеттісінің астын сызу) Қолы күні, айы, жылы Қосымша (құжаттар көшірмелері): 1. 2. 3. М.О. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны 1. Дайындаушының (өндірушінің) тамақ өнімдерінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдердің, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің бар-жоғы туралы декларациясының болуы туралы ақпарат: 1) декларацияның нөмірі мен күні_________________________________; 2) дайындаушының (өндірушінің) атауы _________________________; 3) дайындаушының (өндірушінің) елі____________________________; 4) өнімнің (заттардың) атауы ___________________________________. 2. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеп алу актісінің болуы туралы ақпарат: үлгілерді (сынамаларды) іріктеп алу актісінің нөмірі мен берілген күні____________________________________________________________; үлгілерді (сынамаларды) іріктеп алу актісін берген органның атауы ________. 3. Кеден одағының кедендік аумағына үлгілердің, бақылаудағы тауарлардың әкелінуін растайтын құжаттардың болуы туралы ақпарат (тек КО-дан тыс дайындалған бақылаудағы тауарлар үшін): 1) үлгілердің әкелінуін растайтын құжаттың атауы _________________; 2) құжаттың нөмірі мен күні ____________________________________; 3) құжатты берген органның (ұйымның) атауы _____________________; 4) импорттаушы елдің атауы ___________________________________; 5) өнімнің (заттың) атауы ___________________________________. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы №533 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытынды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы хабарлама жіберіледі. 7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; аккредиттелген (аттестатталған) зертханалар жүргізген сынақтар, зерттеулер хаттамасы. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары бойынша жүзеге асырылады. Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі. 2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; аккредиттелген (аттестатталған) зертханалар жүргізген сынақтар, зерттеулер хаттамасының электрондық көшірмесі. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің басшысына жіберіледі. Шағымда: 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы; 2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесіне қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон арқылы алуға болады. Портал арқылы электрондық шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.аzрр.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша ____________________________________ мемлекеттік органның атауы ____________________________________ басшысының Т.А.Ә. ____________________________________ өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________ өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы ____________________________________ өтініш берушінің байланыс телефоны Өтініш Сізден________________________________________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) ___________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ____________________________________________________________ объектінің нысаналы мақсаты _____________________________________________________________ тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын. __________________________ қолы, күні, айы, жылы Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2. 3. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық- эпидемио­логиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Талон 1. Сұраныстың нөмірі және қабылданған күні _______________________________________________________________ 2. Сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі: ____________________________ __________________________________________________________________ 3. Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы ______________________________ __________________________________________________________________ 4. Құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 5. Құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы №533 қаулысымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсет